Өлең, жыр, ақындар

Бүгінгі Жезқазған қаласының экологиялық жағдайы қандай?

Жезқазған қаласы Қазақстан Республикасындағы тарихы терең түсті металлургияның ірі орталығы болып табылады. Бірақ, бүгінгі күні осы зауыт жұмыстары қоршаған ортаға әсер етуде.

Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша Жезқазған қаласының ластану деңгейі атмосфералық ауадағы күкіртсутектің, күкірт диоксидінің, фенолдың, көміртегі оксидінің асып кетуінің анықталуына байланысты жоғары деп сипатталады. Сонымен қатар қалада судың сапасының нашарлығыда кездеседі. Судың ластануы негізінен Қарағанды,Теміртау және Сәтбаев қалаларына келетін коммуналдық және өнеркәсіптік ағынды сулардан туындайды. Әрине өңірдегі судың, ауаның ластануы мен қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі секілді экологиялық мәселелер көптеген тұрғындардың денсаулығына әсер етпей қоймады.

Өкінішке қарай, нашар экология онкологиялық аурулар­дың өсуіне әкеледі. Жезқазған қаласында жү­рек-қан тамырлары аурулары бар науқастар саны да өсуде. Көңілсіз статистика  – ірі өнер­кәсіптік алыптар шығаратын шығарындылардың жоғарылауы­ның нәтижесі, – дейді сала мамандары.

Әрине, мыс қорыту зауытының басшылығы қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін көлемді салық төлейді. Алайда адам денсаулығы төленген айыппұлдармен өлшенбейді. Зауыттан шығып жатқан газ өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын төмендетіп жатыр деуге толық негіз бар. Сондықтан әр жезқазғандықтың өмірі мен денсаулығы басты құндылық екенін ұмытпай, аймақтағы экологиялық мәселенін нақты шешу жолын қарастыру бүгінгі күнде маңызға ие болып отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз