Өлең, жыр, ақындар

Алмас және оның алтын балығы

Алмас шағын ауылда әжесімен бірге тұратын. Ол сабақты нашар оқыды. Анасы жұмыс барысымен басқа қалаларда жүретін. Ол үйге сирек келседе, әр жолы Алмасқа сыйлықтар әкеледі. 

Алмастың сүйікті ісі балық аулау болды. Ол өзінің мысығы Мурканы әрдайым қасына алып жүретін.  

Бір күні анасы Алмасқа сыйлық ретінде ерекше балық аулайтын қармақ әпереді. Сабақты ұмытқан Алмас, балық аулауға арналған жаңа құралға тамсанып жүрді. Күндердің бір күні Алмас теңізде балық аулап жатып, қармаққа бір нәрсе ілінгенін байқайды. Оның қуанышында шек болмады, себебі, бұл алтын балық болатын! Алайда, ол балық кенет сөйлеп кетті: Балақай, мені жібер, ол жерде менің кішкентай балаларым бар. Мен саған көмектесемін!", - дейді. 

Алмас мысқылдап күліп: "Сен маған неге керексің? Мен сені үйге апарамын, әжем балық сорпасын пісіреді". Алтын балық тағы да жалынады: "Балақай, менің балаларыма баруға рұқсат етші, мен сенің барлық тілектеріңді орындаймын. Енді не қалайсың?" Алмас оған: «Мен үйге барғанда, барлық тапсырмаларым орындалып тұрсын!» деп жауап береді. Алтын балық оған: «Саған бірдеңе керек болса, жай ғана айт» дейді де бұйрығымен, Алмастың қалауы орындалсын... ,- дейді. Осы сөздерден кейін Алмас алтын балықты өзенге жіберді, ал ол құйрығын бұлғап, жүзіп кетті. Сонымен Алмастың өмірі өзгере бастады. Оның сабақ үлгерімі жақсарып, әжесін қуантып жүрді. 

Бірде Алмас сыныптасының компьютерін көріп, қызығып кетеді. Сөйтіп ол дереу теңізге қарай асықты. «Алтын балық!Алтын балық!» деп дауыстап шақырды. Оған алтын балық жүзіп келіп: - Не болды, балақай? Алмас оған жауап береді: «Мен интернеті бар компьютерді қалаймын!». Алтын балық оған: «Қымбатты балақай, біздің теңізде мұндай техниканы беретін балық әлі пайда болмады, Рухани Жаңғыру бізге жеткен жоқ, мен саған бұл жағынан көмектесе алмаймын, қазіргі заманда әркім өз бетімен жұмыс істеуі керек», - деп жауап берді. Осы сөздерден кейін алтын балық жоғалып кетті. 

Алмас тілегінің орындалмағанына қаймығып, үйіне ренжіп қайтты, енді сабақты өзінің оқуына тура келеді. Ол бұл туралы ұзақ ойланып, енді балық ауламай, сабақ үлгерімін өз күшімен жақсартуға көшті. Оның тәртібі түзеліп, қатарластарының арасында еш қысылмай жүре алатын болды. Алмас анасы мен әжесін қуантып, өз өміріне дән риза. Ал жақсы үлгерімі үшін анасы Алмасқа интернеті бар жаңа компьютер сыйлады. Міне, еңбектің жемісін көру деген осы, балақай!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз