Өлең, жыр, ақындар

Бүгін докторантураға түсу емтихандары басталды

Бүгін Қазақстанда докторантураға түсуге емтихан тапсыру басталды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, емтиханды тапсыруға өтініш қабылдау 25 қазан – 10 қараша аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Докторантураға түсу емтихандарына 1060 адам қатысады. Сынақтар бүгін басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

«Түсу емтиханына эссе жазу, докторантураға дайындық тесті және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан кіреді.

Жалпы, түсу емтиханының ең жоғары көрсеткіші 100 балл, оның ішінде әңгімелесу – 20 балл, эссе – 10 балл, докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30 балл, бейіні бойынша емтихан сұрақтары – 40 балды құрайды.

Ал мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75 балды құрайды», – деп атап өтті Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Атап өтсек, 2022 жылдан бастап докторантураға түсу үшін шет тілін меңгергендігі туралы сертификаттан бөлек, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификатты ұсыну қажет.

Түсу емтиханының нәтижелері оны өткізгеннен кейін келесі күні жарияланады. Оны жеке кабинетте көруге болады.

Болашақ докторанттар үшін 700-ден астам грант бөлінген.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар