Өлең, жыр, ақындар

Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте қолданылатын құқықтық және құқық қорғау стратегияларын талқылаңыз. Олардың тиімділігін бағалаңыз.

Кіріспе

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу үшін міндетті түрде құқықтық және құқық қорғау стратегиялары қолданылады. Осы орайда діни экстремизм мен терроризм қаупі және онымен қарсы күресте қолданылатын құқық қорғау стратегияларын ұсынамын. Сонымен қатар осы аталған мәселені шешу жолында олардың тиімділігін бағалау әдістері қарастырылады.

Экстремизм мен терроризм - адамзат қауіпсіздігіне төнетін басты қауіп. Себебі, экстремизм мен террозимнің қоғамда кең етек алуы адам өмірінің жойылуына, инфрақұрылымның, рухани, мәдени құндылықтардың жойылуына әкеледі. Бұл жағдайда көбінесе жазықсыз, қарапайым кездейсоқ адамдар құрбан болып жатады. Осындай террорлық әрекет адамдардың психикасына зиян келтіріп, оларды қорқытады. Сонымен қатар, терроризм экономикаға өнеркәсіптік-сауда байланыстарына қауіп төндіреді, елдегі жағдайды тұрақсыздандырады. [1] . Қазіргі таңда дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданатын белгілі бір топтардың соның ішінде діни экстремизм мен терроризм іс-әрекеті мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде. Дін мен оның құндылықтарын бетперде еткен жалған уағызшылар жаһандық деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, төзімсіздік пен зорлық орната бастады. Діни экстремизм- діндегі шектен шыққан көзқарастар мен дінге берілгендік. Бұл экстремизмнің зорлықпен, агрессия және шектен шыққан қаталдықпен сипатталатын түрлері көп. Экстремизмнің кең мағынасындағы ұғымы - мемлекеттегі ішкі және сыртқы мәселелерді күштеп өзгерту немесе билікті қолына ұстап, басып алу, елдің егемендігі мен аумақтың тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру. Латын тілінен аударғанда « үрей, қорқыныш» деген мағынаны білдіретін «терроризм»- экстремизмнің асқынған көрінісі. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, жауыз, үрейлі түрлері мен әдістерін пайдаланып, саясатқа қол жеткізуді көздейді. Террористік актілердің салдарынан адамдар жаппай қырылып, халықтың көпшілігі психологиялық қысым көреді, материалдық және рухани құндылықтар әлсіреп, кейде қалпына келмейтін нәтижеге тап болады. Мемлекеттер арасында өзара алауыздық туындап, соның салдарынан қақтығыс туындап, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділік әкеледі. Түрлі қылмыстық топтар билікке ықпал етіп, оларды күйрету немесе өздері басқару үшін осындай террорлық актілерді жүзеге асырады. Терроризм - қазіргі жаһандану заманындағы ең өзекті қатерлердің бірі, ауқымдылығы мен тез жайылуы, адамдарға қаупі мен шектен тыс қаталдығы тұрғысынан ол әлемдік қауымдастық алдындағы ең түйткілді мәселеге айналды. Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупі төмендегідей:

- қоғам мен мемлекетке аса ауыр психологиялық және материалдық шығын әкелуі, адамдардың жазықсыз өмірін қиюы;

- адамдар арасында өшпенділікті немесе алауыздықты тудыру, мемлекеттің заң құрылымын өзгертуді және аумақтық тұтастықты бұзуды мақсат ететін бірқатар заңсыз әрекет жасайтын қарулы құрылымдардың қызмет етуі.

Діни экстремизмнің қылмыстық көріністерінің салдары ақырындап таралып, бірден байқалмауы да немесе көп уақытты алатын зардаптар әкелуі де мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, діни экстремизм мен терроризмнің түп- тамыры әлеуметтік және психологиялық негізде жатыр. Діни экстремизм мен терроризм қаупімен күресу жолында құқықтық және құқық қорғау стратегияларын дұрыс жүзеге асыру қажет. [2].

Діни экстремизм мен терроризммен күресу әр елде әртүрлі болуы мүмкін бірқатар құқықтық және құқық қорғау стратегияларын қамтиды. Міне, кейбір кең таралған әдістер: Заңнамалық шаралар, діни экстремизм мен терроризмге тыйым салатын заңдарды енгізу және оны бұзушыларды жазалау. Бұл заңдар экстремизм мен терроризмнің анықтамаларын қамтуы, сондай-ақ оларды жасағаны үшін жазаларды сипаттауы мүмкін. Сонымен қатар құқық қорғау органдары діни экстремизммен байланысты ықтимал қауіптермен топтарды анықтау үшін мониторинг және барлау іс- шараларын жүргізе алады. Көптеген елдер терроризмге қарсы күресте ақпарат алмасу және әрекеттерді үйлестіру үшін БҰҰ және ИНТЕРПОЛ сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтасады. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу:

- жастар мен жалпы қоғам арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған алдын алу бағдарламалары мен қарсы барлау шараларын әзірлеу.

- діни көшбасшылармен ынтымақтастық. Радикалданудың алдын алу және экстремистік идеяларды ілгерілету үшін діни көшбасшылармен және қоғамдастық жетекшілерімен бірлесіп жұмыс жасау қажет.

- сот процестері. Заңдылықты сақтай отырып, діни экстремизм және терроризм бойынша айыпталған адамдарға қатысты сот процестерін жүргізу.

Экстремизмге қарсы іс -қимыл бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Нақты қамтитын болсақ:  

- экстремизмнен сақтандыруға, соның ішінде оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және кейіннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау;

- экстремизмді анықтау және оның жолын кесу;

- экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық; [3]

Мемлекет терроризммен тиімді күресу үшін, оның алдын алу үшін осы заң күштерін пайдаланады. Әрине, жоғарыда айтылған құқықтық шаралар терроризмнің тамырын жоя алмайды, бірақ онымен күресуде көмекші құрал болып келеді. Терроризммен тиімді күресу мемлекеттің бұл саладағы құқықтық базасына байланысты. 2001 жылы 11 қыркүйекте орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік оқиғадан кейін дүниежүзінде терроризмге қарсы күресте заң шығару жандана түсті. Терроризмге қарсы күресте құқықтық әдістің функциясы қылмыскерді жазалау ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің мүддесі мен азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қызмет етіп, әрқайысының жауапкершілік деңгейін анықтау. Сонымен бірге, діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің тиімді стратегиялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтық бостандықтар мен құқықтарды қорғау арасындағы тепе- теңдікті сақтауы тиіс. [4]. 

- Қорытындылай келе діни экстремизм мен терроризм қаупі бүкіл бұқара халыққа озбырлық жасап, психологиялық күйзеліске түсіріп, материалдық және рухани құндылықтардың жойылуына, мемлекеттер арасында алауыздық пен өшпенділік тудырып, аса қауіпті зиян келтіреді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресте әр елде әртүрлі болуы мүмкін  бірқатар құқықтық және құқық қорғау стратегиялары қолданылады. Соның бірі экстремизмнен сақтандыруға, соның ішінде оны жүзеге асыруға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және кейіннен жоюға бағытталған алдын алу шараларын қабылдау, экстремизмді анықтау және оның жолын кесу. Қазіргі жаһандану заманында тыныш еліміздің мазасын қашыруға әрекеттенген қатігез, шектен тыс қатал террористермен күресіп, олардың жауыз іс- қимылдарын жойып, тиімді стратегияларды жүзеге асыруымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “ Аруна Ltd”. ЖШС, 2010 ISBN 9965- 26-322-1.

2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-lisakovsk-kalasy-akimat/press/news/details/534136?lang=kk

3. https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek?lang=kk

 

4. Bin Laden claims responsibility for 9/11, CBC News ( 29 қазан  2004).Тексерілді 14 наурыздың 2010.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз