Өлең, жыр, ақындар

Журналистің кәсіптік этикасының принциптері

Журналистің кәсіптік этикасының принциптері.

1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі

Журналистің басты міндеті - халыққа тез әрі шынайы ақпарат жеткізу. Күнделікті өмірде адамдар газет-журналдарды оқығанда, не болмаса теледидар жаңалықтарын бақылағанда, ең алдымен, ақпаратқа қарайды.Ақпарат пайдалы, қоғамдағы мәселелерді шешетін болуы керек. Мысалға, Руслан Өтепбайдың “Көреміз” бағдарламасын алсақ болады. Бұл бағдарламада барынша әлеуметтік мәселелерді қозғап, оның шешімін табуға отырысады. Апалы сіңілілер оқиғасы, әскердегі орын алып жатқан мәселелер, қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бәрі осы бағдарламада шешімін табады. Одан бөлек, журналистердің жауапкершілігі тек көгілдір экранда ғана емес, әлеуметтік желілерде де болуы тиіс. Мысалға, 2020 жылы 25 наурыз Оралдық журналист Мария Мельникова фейсбук парақшасында жалған ақпарат таратты. Толығырақ айтқанда, орталық Абай алаңындағы «Абай ескерткіші алынып тасталған» деген ақпарат таратқан болатын, ол ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес, жалған ақпарат тарату фактісі бойынша жауапқа тартылған. Осындай сынды журналистердің ақпараттың дәлдігіне көзін жеткізбей, халықтың сенімін жоғалтып алады.

2. Адамдардың шынайы ақпарат алуға деген құқығы.

Журналистің бірінші міндеті -халыққа шындықты айту және шынайы ақпарат алуға кепілдік беру. Журналист фактілерді адал ниетпен, олардың шынайы мағынасын сақтап, маңызды байланыстарды ашады және бұрмалануға жол бермейді. Ол өзінің шығармашылық қабілеттерін , адамдарға әлем туралы нақты және біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін материал алу үшін барынша пайдаланады.

Бізде өкінішке орай көп сайттарда шынайы оқпарат беріле бермейді. “Азаттық”, “Factchek.kz”, “Akorda.kz” сайттары ғана дәл қазіргі уақытта ақпаратты бұрмаламай, шынайы жеткізеді. 

3. Журналистің объективті шындыққа адал болуы, ар-ұяттылық

Журналистикада ақпарат тұтыну объектісі ретінде емес, қоғамдық игілік ретінде түсініледі. Бұл дегеніміз, журналист берілген ақпарат үшін жауапкершілік артады.Жалған ақпарат екенін біле тұра талан таражыға салмай қаз қалпында көпшілікке ұсыну да ар мен шынайылыққа жат дүние. Мысалға, жақында айды аспанға көтеріп, “Абай Құнанбаев болмаған. Қолдан жасалған тарихи түлға ” деп филолог, жазушы Зәуре Батаева көлемді мақала жазған. Ол кісінің айту бойынша “Абай- Әлихан Бөкейхановтың жобасы” . Ал Абайдың жазған шығармалары бұл Әлихан Бөкейхановтың жазбасы, себебі “екі тұлғаның шығармалары стилистика мен идея тұрғысында-егіздер“ дейді автор. Осындай сынды нақтыланбаған, жалған ақпаратты елге таратып, халықтың миын улауы мүмкін.

4. Журналистің кәсіби шынайылығы

Ақпарат асып тасыған уақытта, плагиатты көп кездестіреміз. Мысалы, 2020 жылы қатты танымалдылыққа ие болған “5:32” сериалы журналист Асқар Жалдиновтың “ Вне протокола” кітабі бойынша түсірілген. Яғни, сценарий дәлме-дәл кітаптан көшірілген. Режиссерлар автордан рұқсат алмай түсіргені үшін жауапкершілікке тартылған.

5. Адамның жеке басының өмірі мен қадір қасиетін құрметтеу

Журналист қандай да бір ақпаратты жазбас бұрын, оның ешқандай адамға зияны тиіп кетпесін назарға алу керек. Және де, егерде бір адам келіп ақпаратпен бөлісіп, бірақ еш жерге жарияламауын сұраса, оның өтінішінен аттап кетпеу керек.Мысалға, әскери журналист Михаил Козачков адамның жеке басына нұқсан келтіріп, сол адам туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылған.

6. Жалпыадамзаттық қоғамдық құндылықтарды қадірлеу

Әлі күнге дейін ата-бабамыздың мирас етіп қалдырып кеткен жері көптің ауызында жүрген мәселердің бірі. Әлеуметтік желіде тараған Евгений Федеровтың “ Земля Казахстана это большой подарок от России” деп айтқан пікірі елдің наразылығын тудырды. Жер, ел үшін жүргізілген қантөгіс шайқастар, аштық, ұжымдастыру осы бір қан мен терге толы жолды Федеровтың “Ресейден берілген сыйлық” деуі қаныңды қарайтады. Тарихқа, фактілерге сүйенбей, айтатындары жәй ғана бос сөз. Осы бір дүниелерді Қазақ халқының ұлттық құндылақтарын құрметтемеу деп есептеймін.

7. Ақпарат аймағындағы жаңа халықаралық тәртіпке ықпалдасу

Қоғамда туындаған мәселелерді бірге талқылап, пікір алмасу арқылы шешімін табуға болады. Қазірге кезде неше түрлі форумдар, жиындар жүргізіліп отырады.

Мысалға, Орталық коммуникациялар қызметін алсақ болады. Бұнда мемлекеттік қызметкерлер бас қосып, қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін табады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз