Өлең, жыр, ақындар

Жақсы жаныңа жолдас, жаман малыңа жолдас

Өмір жолында неше түрлі де, мінезді де адамдар жетерлік. Жаман жолдастан сырлас болып және араласып тісіңізді тістеп қалуыңыз мүнкін. Бұл жолдас немесе досыңызбен әрі қарай араласқан жөн бе? Жүрегіңіз не деп соқса, өз қалауыңыз бойынша істегеніңіз абзалырақ.

"Жақсы сөз жарым ырыс"демекші, жақсы сөзде жан дүниесінен шықпасы анық. Осындай жағдайда өз тұла бойыңызға боқтық сөзді көңіліңізге алмаңыз. Ортаңызды өжетте, білімді достарыңызбен толтырсаңыз, сіз өшпейсіз, керісінше өнесіз.

Өмір дастанында мейірімді, өнегелі достықты тапсаңыз бақыттың төрінде гүлдей жайнайсыз. Сіздің қадір қасиетіңізді түсірген досыңыздан бір жолата қол үзгеніңіз жөн. Достарыңыз сонда сізді"өрге сүйремей, төрге сүйрейді".

Адамдық, адалдық борышыңды паш еткізіп, "хайуандық"іс-әрекет жасаса, бұндай жолдасыңызды жарты жолдан тастап, алға қарай ұмтылыңыз. Сонда ғана тәрбиелі отбасынан шыққан досыңызбен, талай биік, биік шыңдарды бағындырасыз.

Тіліңнің ұшы да айтуға келмейтін сөзді, жаныменен шабыттана айтатын жолдастан, "не үміт, не қайыр". Сол себепті "жаман жолдастан жақсы дос артық".

Қазақтың мақалдары барлық жағдайға негізделген, соның бірі:

Жолдасың жаман болса,

Алыс жүріп үн қатпа.

Қатының жаман болса,

Кісі алдында тіл қатпа, -деп жаман жолдасты толықтай сипаттап өткен дана халқымыз.

"Толықтай сөздің, тобықтай түйіні", жаман жолдасты жарты жолдан тастап, тәрбиелі доспен талай қиындықты кешкен дұрыс.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз