Өлең, жыр, ақындар

Атыраулық оқушылар сусабынның жаңа түрін жасап шығарды

Атыраулық оқушылар сусабынның жаңа түрін ұсынды. Сусабынның құрамында химиялық қоспалар жоқ.

Атыраудағы Абай аты берілген оқушылар орталығында 7-11-сынып оқушылары ғылыми жобалармен айналысып жүр.

Мұнда оқушылар үшін STEAM бағытында білім беруге арналған JasSpace бағдарламасы ашылған.

Аталған бағдарламамен «Мәңгі тірі су» жазғы курсынан қосымша білім жетілдірген оқушылар арасында Аружан Абдулғазиева, Бибінұр Ғабдыжан мен Уәлитхан Батырбаев та бар.

Жас өнертапқыштар сусабынның жаңа түрін жасап шығарды. Олар сусабынды Eco-way деп атаған.

«Бұл табиғи өнімнің құрамына сульфат, хлорит секілді химиялық қоспалар қосылған жоқ. Біз күнделікті тұтынуға сусабынды тек табиғи қоспалар мен органикалық заттардан ғана жасадық. Жаңа сусабын шашты нәрлендіреді, қайызғақтан тазартады. Өзім төл сусабынымызды қолданып жүрмін», - дейді Уәлитхан Батырбаев.

«Мәңгі тірі су» жазғы курсының тренері Әсел Оңдашеваның айтуына қарағанда, оқушылар жасаған табиғи сусабынның адамның денсаулығына еш зияны жоқ.

Сол себептен, бұл сусабынды кішкентай балаларды жуындыруға пайдалануға әбден болады.

«Қазіргі сусабындардың құрамындағы сульфаттар аллергия туғызып, шаштың түсуіне әсер етуі мүмкін. Мұны тұтынушылар ескермейді. Ал, атыраулық оқушылар жасап шығарған сусабынның құрамында сульфат жоқ. Адамның көзін ашытпайды. Енді жобаны әлі де жетілдіруді ойластырып отырмыз», -дейді Әсел Оңдашева.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар