Өлең, жыр, ақындар

Биыл оқу бағдарламасында қандай өзгерістер болуы мүмкін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына орай білім беру бағдарламасындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді.

«Біз Ы. Алтынсарин атындағы академияның ресми сайтына оқу бағдарламасы бойынша сарапшылардың шешімдерін үнемі ашық жариялаймыз. Сонымен қатар, сарапшылар өздерінің жеке парақшаларында да бөліседі. Қазір министрлік оқу бағдарламасына қатысты түпкілікті шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бүгінде талапқа сәйкес ата-аналар қауымдастығымен талқылау жүріп жатыр. Сарапшылар мен ғалымдар өз шешімдерін қабылдады. Енді ол шешімді ата-аналар және мұғалімдер қауымымен талқылау қажет», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің мәлімдеуінше, сарапшылар өңірлерді аралап шешімдерді талқылауға кіріскен.

«Сарапшылар 36 апталық оқу бағдарламасын қалдыруды ұсынып отыр, яғни 1 маусымға дейін. Дегенмен, қазір қоғамдық талқылау жүріп жатыр», - деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар