Өлең, жыр, ақындар

«YBYRAI CUP - II» облыстық дебат турнирі

29 сәуір күні киелі Ыбырай Алтынсарин мектебінің шаңырағында «Жас Дарын» дебат клубының ұйымдастырылуымен «Ybyrai CUP - II» облыстық турнирі жоғыры деңгейде өтті. Аталмыш турнирге Қостанай облысының 24 командасы іріктеліп, қатысқан болатын. Атап айтқанда: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері, Мендіқара ауданы, Әулиекөл ауданы, Қостанай ауданы, Федоров ауданы, Қостанай қаласының мектептері, Қостанай облыстық мектептері, НЗМ мектептерінен командалар қатысты.

Турнирге арнайы келесі төрешілер шақыртылды.

Дарын ӨҒПО аға әдіскері - Аканбаев Баглан Нурланович.

Қостанай ауданы балалар шығармашылық үйінің дебат клубы жетекшісі - Калиев Дастан Дүйсенұлы.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Озат" МАТМЛИ тарих пәні мұғалімі - Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы. 

Қостанай қаласы 15 ЖББМ мұғалімі - Арыстан Нұралы Нұрланұлы.

Қостанай өңірлік университетінің "Парасат" және "Ахмет ұрпақтары" дебат клубтарының студенттері. Одан бөлек, мектептің түлектері төрешілік көрсетті. Төрешілер ойындарды әділ бағалап, шешім қабылдай білді. 

Командалардың ойыны өте қызу, ерекше болды. Әр спикердің өзіндік идеясы мен қабілеті жоғары бағаланды. Десе де, «жарыс бар жерде жеңіліс те қатар жүреді» демекші, 24 команданың ішінен топ жарып шыққан, ерекше көзге түскен қатысушылар аз емес. 

Негізгі финал жеңімпаздары: 

1-орын. Физика математика бағытындағы НЗМ Қостанай, «Last change» командасы - Қалиолла Жансерік, Сейтхан Бексұлтан.

2-орын. Қостанай ауданы балалар шығармашылық үйі. «Ғаламат ғасыр» командасы - Кункабаев Айбол, Кункабаева Аяжан.

3-орын. Ы. Алтынсарин атындағы ММГИ және А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ. «Малефисента» командасы - Кенжебекова Жазира, Артықбай Индира.

Үздік спикер - Қалиолла Жансерік, Физика математика бағытындағы НЗМ Қостанай.

Арнайы финал жеңімпаздары:

1-орын. Әулиекөл ауданы. «Ontogyztoqsanbir» командасы - Асан Айалы, Монтай Гульнур.

2-орын. Қостанай ауданы, Н. Наушабаев атындағы МГ. «Оян қазақ» командасы - Қайырғали Ботагөз.

3-орын. Мендіқара ауданы. «Жаstar» командасы - Есенова Жанерке, Маратқызы Ақниет.

Үздік спикер - Есентемирова Анара, Қостанай қаласы 28 МГ.

Үздік төреші - Гаппаров Бекзод, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ.

Бас төреші - Орынбаев Абзал, мектептің 2017 жылғы түлегі, жеке кәсіпкер.

Бас ұйымдастырушы - Гаппаров Жахонгир Абдразакович.

Дебат – ұтымды ой, жарқын болашақ, шешендік ой тудыратын зияткерлік ойын. Дебаттың елеулі болашағына үлес қосып жүрген барлық қатысушыларға рақмет!

Бетті дайындаған: Искакова Азиза


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз