Өлең, жыр, ақындар

Есет пен есеп

Әкесі Есетке үлкен үйшік сыйлады. Есет үйшікке кіріп жата алады. Бірінші қабатына кіріп кітап та оқуға болады. Тек... екінші қабат құпияға толы. Есігін ашу үшін жүз есеп, алты терезенің әрқайсысын ашу үшін елу есептен шығару қажет екен. Ал төбесі тұтас әдейі шатастырыла жазылған көбейту кестесіне тұнып тұр. Әр дұрыс жауапқа - бір текше немесе түрлі ойыншықтар шығады. Қайта салсаң, есептер өзгереді.

Үйшіктің жоғарғы қабатында түрлі қазақ ақын-жазушыларының, айтулы тұлғаларының есімдері жазулы нүктелер көп болып шықты. Қайсысын басасың, сол кісі жайлы мәлімет аласың. Ғажап! Мұндай үйшік әзірге бесеу ғана екен. Болашақта мыңдаған данамен шығарылады - дейді әкесі.

Қане, балақайлар! Сол үйшіктің әр бөлігінен бір-бір есеп шығарып көрейікші..?!

Дайын болсаңдар қалам қағаз алып, есептеуге кірісіңдер:

100:5+25=?
9×9=?
250+50=?
1000:5:4=?
20×20=?
4+(5×5)=?
x - 30 = 30

Үшінші сынып оқитын Есетке бұл есептер мүлдем қиын емес! Ал, саған ше?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз