Өлең, жыр, ақындар

«Жас азамат» газетінде жарияланған жазбалар сипаты

Ең алғаш жер-жерден жиналған жастар ұжымдаса отырып, 1918 жылы ұйым құрады. Төрағалық етіп – Мұхтар Мурзин сайлана отырып, басқарма мүшелерін де жинайды. Ол қатарда: С. Сәдуақасұлы, М. Сейітұлы, Т. Досымбекқызы, Ә. Байділдаұлы сияқты қазақтың озық ойлы жастары жиналып, бірігеді. Осы жылдың 30-шілдесінде Қызылжар қаласында ұйым өздерінің газетін, тілін – «Жас азамат» газетін айналымға шығарады. Бұл газетте негізінен саяси-қоғамдық, экономикалық тақырыптар көптеп қозғалды және де алғышарты осыдан бастау алды. Ең алғашқы нөмірінде «Жас тілек» атты мақаламен жарық көреді. Бұл мақала арқылы, қоғамға газеттің шығу себебі мен мақсатын айқындап береді. Осы мақаланың негізгі жолын – ұлт бостандығы, ұлт теңдігі деп түсіндіреді. Редакторлар оқырмандарға жолдаған «Ашық хатында» - біз жиын ұйымдастырып, осындай газетті шығару туралы өз алдымызға мақсат қойдық, қазақ-қырғыз елін аман сақтап қалу жолында шамамыз келгенше еңбек етеміз, - деп сөздерін жеткізеді.

Газеттегі айрықша ерекшеліктің бірі бұл – жарияланған мақалалар көбінесе авторсыз беріледі. Солардың ішінде бүркеншік есім арқылы да жарияланғандары бар. Авторлардың осылай жасау себебі, сол кездегі аумалы-төкпелі кезеңге байланысты болғандықтан.

«Жас азамат» газетіндегі мақала мен жазбаларға тоқталатын болсақ, «Бүлінгеннен бүлдіргі алма!» деп аталатын мақала, авторы – «Ел баласы». Бұл мақалада, большевиктер орыс зиялылары мен жұмыскерлер арасына жік түсіргендігі, осындай мәселе бізге де жұғып кетпесін деген ой айтып, елді бірлікке шақырады. Тек қана бұл емес, газетте елдің ішкі және сыртқы саясаты, шетел жаңалықтары жайлы ақпараттар жиі жарияланып, халыққа таратылып отырылды. Сонымен қатар, жер мәселесі де сырт қалмады. «Қазақ жері», «Өлген тірілмекші» деген мақалаларда осы жер мәселесі көтеріледі. Бұл жазбаларда қазақ жерін Ресейге беріп, өзіміз кедей қалдық, осылай кете берсе тілімізден де, ұлтымыздан да айырылып жоқ боламыз деген сөздер сипатталған. Осындай мақалалар арқылы отаршылдықтың бұғауынан босағысы келген қазақ жұртын сипаттап жазады. Ендігі «Жас азамат» газетінде қозғалған мәселе бұл – жаңа өкімет, саясат ісін сынға алып жазылған жинақтар. Осы мәселеге жазылған мақала «Бұны не дейміз?» атты Байділдә Мырзалыұлы мен Ғабділдә Найзабекұлының мақаласы. Бұл жерде, большевиктердің істеп жүрген тірліктері мен қарапайым халық арасындағы қарым-қатынастың көрінісін жазады. Бұнымен қоймай Ресей мен Алаш Орда арасындағы мәселелерге байланысты сол ұйымдардағы мүшелерді абақтыға жабылатыны жайлы да сөз қозғалады. Елдегі осындай қиын кезеңдегі қазақ қоғамының жағдайын газетке мақала жариялау арқылы мұңдарын жеткізіп, сан түрлі авторлар халықтың рухын көтеру үшін түрлі жанрдағы материалдар жариялап, шындықтың бетін ашып, айна қатесіз көрсетеді.

Қазақ халқында осындай газет-журналдардың болуы халық пен жердің мәселесі көтеріліп, үлкен империяға қосылмайтындығын, жеке ел болып өмір сүргісі келетіні жайлы, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі жерді ешқандай ұлтқа бергісі келмейтінін жазған қазақ баспасөзінің тарихы болып келеді.

Пайдаланған әдебиет:

1. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразай Файзолла. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 жылдар). - Алматы:Білім, 2009. – 80-84 беттер.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті 1-курс студенті
НУРАДИН Ұлдана


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз