Өлең, жыр, ақындар

Дінтану мамандығы

Мен 9 сыныпта «дін және зайырлылық" пәнін өткен кезде осы салаға қатты қызықтым және іздене бастадым. Іздене келе дінтану мамандығының бар екендігін білдім. Осылайша мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқуға түстім. Қазіргі таңда мен Философия және саясаттану факультетінің дінтану мамандығының 1 курс студентімін. Мен үшін бұл сала өте қызықты. Осы мамандықта біз тек бәріміз білетін әлемдік діндерді (буддизм, ислам, христиан) ғана емес, сонымен қатар көпшілікке бейтаныс ұлттық діндермен де жақын танысамыз. Біраз адамның пікірінше дінтану мамандығын бітіргеннен кейін тек молда болуға болады екен. Дегенмен, бұл өте қате пікір. Осы мамандықты тәмамдаған соң мемлекеттік органдарға да жұмысқа тұруға болады. Мен мектепті аяқтайын деп отырған болашақ студенттерге осы мамандыққа түсуге кеңес берер едім. Егер діндерді зерттеуге деген қызығушылықтарыңыз болса, онда осы дінтану мамандығы сіз үшін үлкен мүмкіндік.

Орындаған: Сагымбаева Еркежан Мухаметкеримовна
Тексерген: Турбекова Ұлжан Асқарбаевна


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз