Өлең, жыр, ақындар

Менің арманымдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды. Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.

Мен осы Қазақ ұлттық университетте оқимын. Осы университетке түскеніме өте қуаныштымын. Себебі менің арманым осы университетке оқуға түсіп, білікті маман иесі болу еді. Арманымның бір бөлігіне қол жеткізіп, жоғары оқу орнына оқуға түстім. Бұл мен үшін ең үлкен жетістік. Менің бүгінгі жазып отырған мақалам Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне  (ҚазҰУ) түскісі келетін студенттерге арналады. Менің  Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру жүйесі және университеттің қаншалықты дамығанын айтқым келеді.

Біріншіден университеттің білім жағына келетін болсақ, бұл жерде атақты адамдар білім алған: Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев, Нұрлан Оразалин, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов, Рахман Алшанов, Қайрат Мәми, Тауман Төреханов т.б. Осы атақты ойшыл адамдардың Қазақ ұлттық университетте білім алғанына қарап білім жүйесінің мықты екеніне көз жеткізе аламыз. Өзімде осы унивеситетте оқып жатқандықтан білім деңгейінің жоғары екеніне еш күмәнім жоқ. Және де бұл жерде ең жоғары білімі бар деген адамдар білім береді.

Екіншіден университеттің жағдайын қарайтын болсақ, университетті қалашық депте атайды. Егер сіз осы қалашық ішінде болсаңыз университет ішінен факультитеттіде, ауырухананыда, студенттер үйінде, үлкен кітапханада, тамақ ішетін орында, сұлулық салонында, супермакетте көре аласыз. Университет барлық жағынанда жақсы дамыған. Егер сіз осы университетке оқуға түсетін болсаңыз еш өкінбейсіз. Сол үшінде менің осы университетке түскісі келетін  болашақ студенттерге айтар кеңесім қазіргі кезден бастап  жақсы білім алып, жоғары оқу орнына түсуге мақсат қою керек дегім келеді.

Автор 1 курс дінтану мамандығының студенті: Махсутова Амелия

Жетекші аға оқытушы: Тунгатова Ұ.А


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз