Өлең, жыр, ақындар

Бұқаралық мәдениеттің қалыптасуындағы кино өнерінің алатын орны

Кино өнер саласының ерекше түрі ретінде дәстүрлі және техногендік өнермен өзара тығыз байланысқа ие. Осы екі көркемдік жүйенің тоғысқан «нүктесі» ретінде, кино осы жүйелердің ерекше дуалды сипатын анықтаған сала болды.Кино тарихындағы ең бірінші кезең ретінде 1895 жылдан 1930 жылға дейінгі кезеңді қарастыруға болады, бұл «қозғалыс фотосуретті» ойлап табудан дыбысты меңгеруге дейінгі кезең ретінде қарастырылады. Мұндағы басты назар алғашқы киномектептердің қалыптасуы сонымен қатар, киноның дербес өнер мәртебесіне ие болған жылы деп атауға болады. [Агафонова, 2005: 42] 

Одан кейінгі кезең 1930 – 1940 жылдар тоталитарлық дәуірге келеді. Бұл кезеңде кино ең тиімді идеологиялық үгіт – насихат құралы ретінде мемлекеттің қатаң бақылауына алынды. Сонымен бірге дыбыс жазудың дамуы нәтижесінде киноның бейнелі тілін өзгерту қажеттілігі туындады. Мұның бәрі, бір жағынан, еуропалық киноның жанрлық және стильдік бірігуіне, екінші жағынан, көркем фильмдердің жаңа көркемдік шешімдерін іздеуге ықпал етті. Бұл кезеңде кинематографияның дамуына қуатты екпін екі үлкен ағым берді: француз поэтикалық реализмі және итальяндық неореализм.

Үшінші кезең 1950 – 1980 жылдар деп аталатын кезең «жаңа толқындар», жас режиссерлер экрандық поэтиканы мазмұндық – тақырыптық  және формальды – семиотикалық  деңгейде белсенді түрде жаңартып жатқан кезде. 1950-1960 жылдар тоғысының басты ерекшеліктерінің бірі Шығыс Еуропа елдерінде: поляк, венгр, чехословак елдерінде киномектептердің қарқынды қалыптасуы болып табылады.

Кинематографияның дамуындағы қазіргі кезең – 1980-2000 жылдар еуроцентризмнің эрозиясымен сипатталады: ірі киномектептердің (итальян, француз, неміс, орыс) үстемдік ету функциясының әлсіреуі. Сонымен қатар, әлемдік экранда шеткі кинематография деп аталатын дат, фин, гонконг, оңтүстік корея, иран, қытай, мексикалық және т.б. жетістіктері пайда болады. Осыдан 1980 жылдардың аяғында дебют жасаған жаңа буын режиссерлерінің біртұтас постмодерндік эстетикаға бейімділігі байқалады.

Кинематография - туындыларды жасау кино түсіру арқылы жүзеге асатын өнердің ерекше түрі, ал түсірілген оқиғалар шынайы, сахналанған немесе арнайы салынған болуы мүмкін. Әрең дүниеге келген кино бірден махаббат пен танымалдылыққа ие болды. Бұл өнер адамның техникалық мүмкіндіктерінің шексіздігін дәлелдеді және алғашында адамдар сиқыр ретінде қабылдады. Кино «үнсіз» кезеңнен – дыбыс пен бояуға, кең форматқа және одан әрі – үш өлшемді кеңістікке дейінгі күрделі жолдан өтті. [Базен, 1972: 146]. Кино сөзді, әрекетті, музыканы, дыбысты, жарықты, кескіндемені, актерлік шеберлікті және режиссураны, техникалық жетістіктерді біріктіреді. Кино дәуірлер мен елдерде еркін қозғалыстың ерекше қасиетіне ие. Бұл планетаның барлық бөліктерін қамтитын жаһандық қазына. Кино – әлемдік тәжірибе мен жетістіктерді біріктірген бірегей мәдени құбылыс. Оның тарихы әлі соңына дейін аяқталған жоқ және, мүмкін, ешқашан аяқталмайды, өйткені бұл тым ауқымды құбылыс. Бұл жағдай бұл тақырыпты зерттеу үшін өзекті етеді.

Кинематография шығармаларының болуы әлеуметтік-психологиялық және мәдени-тарихи жоспардың заңдылықтары арқылы қалыптасады. Кино өнерінің көркем мәдениет құбылыстарымен байланысын, оның басқа өнер түрлері арасындағы орнын нақтылау ғана емес, киноның қоғамдағы рөлін, қоғамдық санаға әсер ету қабілетін түсіну мәселесі туындайды. Бұқаралық коммуникация процесіне киноның белсенді қатысуы оның әлеуметтік әсер ету мүмкіндігін арттырады.

Бұқаралық коммуникация – құралдардың (баспасөз, радио, кино, теледидар) көмегімен ақпаратты (білім, рухани құндылықтар, моральдық-құқықтық нормалар және т.б.) сан жағынан көп, шашыраңқы аудиторияға тарату процесі. [Садуль, 1958: 55] Сонымен бірге бұқаралық коммуникация әлеуметтік бағдарланған делдалдық қарым-қатынас түрі ретінде және оның негізгі қызметі жай ғана хабардар ету ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ортадағы шашыраңқы тұлғаларды байланыстыру болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұқаралық коммуникация адамның өзін кеңірек қауымдастықтың мүшесі ретінде сезіну, яғни қоғамның өз өміріне белсене араласу құралы ретінде әрекет етеді.

Қорытындылай келе, жоғарыда айтылғандардың барлығы кино өнері дамуының негізгі кезеңдерін атауға мүмкіндік береді: қозғалмалы фотосурет құбылысының кезеңі; дыбыстың пайда болуы түстің пайда болуы көлемнің пайда болуы; кең форматтың пайда болуы; сыртқы қозғалысты бекіту. Сондай-ақ адам кейіпкерлерінің тереңдігіне, тарихи құбылыстар мен оқиғалардың болмысына, қоғамдық процестердің шым-шытырығына батыл енумен сипатталады.

Сондай ақ, бұқаралық коммуникацияның барлық түрлерінің, өнердің барлық түрлерінің ішінде кино қоғамда ерекше орын алады. Біріншіден, кино өнердің басқа түрлерінен оның әлеуметтік-мәдени кеңістікті әлдеқайда көбірек алып жатқандығымен, көркемдік шеңбердің шегінен әлдеқайда көп шығуымен ерекшеленеді. Қазіргі көркем мәдениетте кино өнердің бірден-бірі нышаны болып табылады, оның дамуы алғашқы кезден-ақ әр ұрпақтың көз алдында өтті. Жүз жыл бойы кинематография жетілдірілді, өзгерді, жаңа экрандық нұсқаларға айналды.

Практика жетекшісі филос.ғ.д.,профессор А.К.Абишева

Орындаған Жанайбек М.Е.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз