Өлең, жыр, ақындар

Сенің сәтің

Мемлекеттік жастар саясаты – бұл жастарды қолдау мақсатында мемлекет жүзеге асыратын кешенді шаралар жүйесі. Білім беру саласы маңыздылығы мен тиімділігі жағынан мемлекеттің осы қызметінің басым бағыты болып табылады. Оны үздіксіз жетілдірудің арқасында қоғамның стратегиялық ресурсы ретінде жастарды дамытуға болады. «Қазақстан-2050» Стратегиясында жастар Қазақстан мемлекеті дамуының жаңа саяси-экономикалық бағытының қозғаушы күші депорынды аталды.

Жастардың қоғамдық-саяси белсенділігі бүгінгі таңда мемлекетті, азаматтық қоғамды, құқықтық мемлекетті дамытудағы, саяси жүйенің серпіні мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жастардың осы процестерге тікелей араласу қажеттілігін объективті түрде талап етеді.

Осы мақсатта, 2023 жылы 3-4 наурыз аралығында  Атыраудағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде еліміздегі барлық  жоғары оқу орындары студенттерінің қатысуымен «СЕНІҢ СӘТІҢ» Республикалық студенттер форумы болды.

Форумның басты міндеті – еліміздегі жастардың ынтымағын арттырып, олардың санасында жаңаша ойлау дағдыларын қалыпастыра отырып, университет жастары арасында достық қарым-қатынас орнату.  

Оған еліміздің 52 жоғарғы оқу орнынан 200-ге жуық белсенді студент қатысты. Қазіргідей дамыған заманда  жастардың дүние танымы, талап-талғамы өзіндік бір ерекшеленеді. Оларды заман ағымына сай тәрбиелеу -қоғамның басты міндеті десек артық айтқанымыз емес. Бұл форумға жиналғандар оқу ордасының, өз ортасының белсенді жастары, ертеңгі қоғамды бастаушы көшбасшылар десек артық айтқанымыз емес. Жастардың болашаққа деген талпынысы мен тың идеяларын қолдау мақсатында, министрлік жанынан студенттер кеңесі құрылған болатын. Халел Досмұхаммедов атындағы Атырау университетінде өткен форумда бас қосып отырған сол кеңестің мүшелері. Белсенді студенттер 2 күн бойы ой бөлісіп, ұсыныс тілектерін ортаға салды.

Форум барысында көптеген тренингтер, концерттік бағдарлама, дәстүрлі өнеріміз садақ ату өнерінен шеберлік сағаты өткізіліп, жоғары оқу орындарының қабырғасында жүргізілетін жобалар таныстырлымы болды.

Сонымен бірге, жастардың белгілі бір тақырыпқа өзіндік пікірлері тыңдалып, көкжиектерін кеңейтетін тақырыптар талқыланды. Мақаламның соңын  Әбу Насыр әл-Фарабидің: «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, сонсоң айтып берейін» деген сөзімен аяқтағым келіп отыр. Мағжан атамыздың сенген, ел қамын ойлар жастарын тәрбиелеу біздің қолымызда!

Салихова Махаббат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз