Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдауым - IT

IT- мамандығы дәл қазіргі уақытта ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. 21 ғасыр технологиялар заманы болғандықтан, кез-келген компания, стартаптарға IT мамандары қажет.

Өзіміз білетіндей елімізде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы енгізілген болатын. Бұл бағдарлама мақсаты цифрлық технологияларды қолданысқа енгізіп, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Бүгінгі күнде бүкіл мәселені үйден шықпай-ақ смартфон арқылы шешуге болатыны анық. Қарапайым несие алу, оқуға өтініш тастау болсын біз бүкіл жағдайда цифрлық жүйелердің көмегіне жүгінеміз. Бұл алдағы біршама уақыт бойы Қазақстан цифрлық тұрғыда дами түсетінін айқын көрсетеді. Енді бұл істің мамандарына келсек, IT мамандары цифрлық Қазақстан дамыған сайын қажеттілігіде өсе беретін болады.

Менің бұл мамандықты таңдауымның сырына келсек, бұл мамандықты таңдауыма себепші болған ол менің туысқан әпкем болатын. Бастапқы уақытта менің ата-анам бұл мамандыққа қарсы болды. Себебі, алда "Қыз баласына бұндай мамандық жарасадыма?", "Кейін жұмыс таба аласың ба?" дегендей сұрақтар тұрды. Деседе, мен кішкентайымнан компьютерге қатысты дүниелерге қызығатынмын, одан бөлек телесериалдардан осы мамандықтың қыр сырын жетік білген мамандарды көргенде қызығушылығым арта түсті бұл менің оны таңдауыма себепші болды. Дәл қазіргі уақытта мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 курс студентімін және де мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығынды білім алудамын.  Айта кету керек өз мамандығымызға сәйкес пәндерді біз 2 семестрде оқып бастадық, жәнеде менің бастапқы қызығушылығым әліде сөнер емес. Менің программалаумен алғашқы таныстығым С# тілінен басталды. Кей тұста қиналып, деңгейім жетпей жатқан сәттер бар. Әр ортада бір өз таңдауын еретеден біліп, дайын болған адамдар болады және олар өз ісін біледі, әрі әлдеқайда тиімді жұмыс істейді. Ал маған келетін болсақ мен 8 сыныпқа дейін өзімді ақ халатта көрген жанмын, бір сәтте болған өзгеріс менің бұл мамандықтың кей тұстарына дайын емес екенімді көрсетуде. Деседе, мен бұл мамандықты өзім қалағандай алып шығатын боламын.

Дәл қазіргі уақытта мамандық таңдаудан қиналып жүрген жандар үшін айтарым, егер сіз өзіңізге сенімді, жауапкершілігі мол, бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын, компьютерге үңіліп отырудан шаршамайтын жан болсаңыз - IT мамандығы сіз үшін. Бұл мамандық Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық ғана емес болашағы зор мамандықтың бірі.

Ділдәбекқызы Аяулым 

Мұғалім: Жемилева Мадина


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз