Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздіктің аппақ таңы үшін

Сіз қай елде өмір сүрудесіз? Қазақстан Республикасы. «Тәуелсіз», «зайырлы», тілі мен діні, ділі мен салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары бар, шекерасы орныққан, билік жүйесі құрылған, азат елде тұрудамыз. Қайсар да батыр ата-балалар күшімен байтақ жер бұйырып, біртұтас ел болып отырмыз.

Тарих қатпарларына көз жүгіртсек, алғаш қазақ елі болып қалыптасуымыз XV ғасырдағы Керей мен Жәнібек хандардың Жетісу өлкесіне келіп, «Қазақ хандығын» құруынын бастау алады. XV-XX ғасырлар аралығы қазақ халқы үшін өте ауыр кезеңдер болды. Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Сол сәттерде қиындықтарға төзе біліп бір жұдырыққа жинала білгендік арқасында қазіргі сәтте білдей бір экономикасы дамыған, дамушы елдер қатарындамыз. Сол өткен ғасырлар бойы аңсағанымыз дара ел болып, еркіндікте өмір сүру, тәуелсіз болу. «Тәуелсіз» бір ауыз сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңші. Тәуелсіздігімізді қабылдау, заң жүзінде бекіту біздің ұлт үшін жеңіл болмады. Бастан қаншама сұм жағдайлар өтті. Соңғы жылдардағы қазақ халқының Ресей империясының құрамында 70 жыл бодан болғаны өте ауыр болды. Өзге ел саясатын біздің мемкелетке жүргізе бастауы қазақы жастардың намысын оятып, бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған жастар, «КСРО үкіметінің» отаршылдық және әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылын жасады. 1986 жылы орын алған оқиға, қазақ тарихында тасқа қанмен қашалып жазылған күн болды. Бір сәтке сол күндерге оралсақ, «Жасасын Қазақстан», «Бірінші хатшы қазақ болуын қалаймыз» деп ұрандаған қазақ жастарының үнімен қасқалдақтай жандарын қиып, еліміздің өзге елдің боданы болып қала беруге жол бермей, ел қамы үшін өмірлерін қиған күн. «Желтоқсан көтерілісі» қатал жауыздықпен басылған көтеріліс. Ел қамы, ұлт болашағы үшін, батыл қадам басып, дер кезінде мемлекет жағдайын өзгертуге ат салысқан көтеріліс. Тәуелсіздік бастауы болған осы жағдай қаншама жүрегі «қазақ» деп соққан, Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен жастардың өмірін қиып кетті.Қанды желтоқсан оқиғасын ұмыту мүмкін емес, ерліктің нышанын көрсетіп кеткен боздақтарымызды әр кез есте сақтап, санада жаңғырту міндетіміз.

1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жоғарғы Кеңес қабылдаған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы конституциялық заңын қабылданды. Тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, еңсеңімізді тіктеп, жаңа мақсат, жаңа талпыныстарға қадам бастық. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды.

Арада біраз уақыт өтіп, биыл тәуелсіздігімізге 31 жыл толып отыр. Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет, ел астанасы – Астана қаласы, мемлекеттік тілі – қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие, ақша бірлігі – теңге, экономикалық дамуы алда, қоғамның өсіп-өркендеуі ілгері, ұлттық құндылықтары мен өмір сүру салты қалыптасқан, заң жүйесі келісті, саяси тұрақтылыққа ие болып отырған Республикасына айналдық.

Ел басына берілген құтты бағалап, егемендіктің аппақ туын желбіретіп жүру біздің, әрбір Қазақстан азаматының қолында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алу, ел ертеңін ойлау, жауапкершілікті сезіну, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Білікті басшы мен қолдайтын халық, бірлікте әрекет жасау. Тәуелсіздікті бағалау, ұлттық мүддені қорғау – баршаға ортақ міндет, сол себепті тәуелсіздік қалай келгенін ұмытпай, жадымызда сақтауымыз қажет.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз