Өлең, жыр, ақындар

Президент Жолдауын магистранттар арасында талқылау

Амангелді Арман Амангелдіұлы
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті
"Дінтану және мәдениеттану" кафедрасы
Дінтану мамандығының 2-курс магистранты

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті, "Дінтану және мәдениеттану" кафедрасының магистранттары кафедра ұжымымен бірге Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын талқылады. Талқылау барысында Жолдаудың басым бағыттары мен негіздері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Магистранттар Президенттің барлық бастамалары мен Жолдауда айтылған маңызды дүниелерді толық қолдайтындықтарын айтып, өз ұсыныстары мен ой пікірлерімен бөлісті.

Президенттің "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында реформалардың нақты бес бағдары көрсетілген:

Бірінші бағдар.Жаңа экономикалық саясат.

Екінші бағдар. Нақты секторды дамыту.

Үшінші бағдар. Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция.

Төртінші бағдар. Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту.

Бесінші бағдар. Заң және тәртіп.

Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағдарлап, алдағы саяси өзгерістерін айқындап берді. Бес бағдарды қамтитын саяси құжатта Ел Президенті: "Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз", - деді.


Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз