Өлең, жыр, ақындар

Мобилограф сабағы

Өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында болған шеберлік сабақта жас мобилограф келді.

Мобилограф дегеніміз не? Яғни, қазіргі заманның жанр ретінде жылжымалы фотография жақсы видео шығарып, оны монтаж арқылы көркемдеп, әдемі қылып жеткізу. Иә, өзіміз ұстап жүрген смартфон арқылы пайда табу. 

Ең алдымен, Ислам Иманали өзін таныстырды және әрі қарай өзінің тәжірибесімен бөлісті. Видеоны қалай түсіру керек екенін , сол сәтте бізге практика жүзінде егжей-тегжейлі түсіндіре кетті . Сондай-ақ камераға настройка жасап үштік ережесін, кадрдағы пландар және мобилографияның базалық принциптері жайлы толығырақ ашып айтты.

Осы арқылы өзінің табысы жайлы айта кетті. Бір айға шаққанда төрт жүз мың мен алты жүз мыңның көлемінде табамын деп, 1 курс студенттеріне мотивация берді.

Осымен сөз соңында демеушісі келіп, шеберлік сабағына қатысқаны үшін студенттерге сертификат табыстады және бүгінгі күн ертеңгі тарих ретінде естелікке фотоға түстік.

Кино&медиа мамандығының 1 курс студенті Аухат Мейрамбек

Жетекшісі: аға оқытушы ,куратор Н. Б Рушанова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз