Өлең, жыр, ақындар

Жаңа заман талабы

Қарашаның 14-жұлдызы күні  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасына мобилограф, фотограф Ислам Иманалимен мобилография жайлы шеберлік сағаты өтті. 

Бұл шеберлік сағаты ең алдымен студенттердің уақытын тиімді пайдалануға үндеу болды. Сондай-ақ бұл шара арқылы студенттер жаңа заман талабына сай еңбек етуді үйренді. 

Ислам Иманали өзі жайлы толық ақпаратты беріп, студенттердің қойған сұрақтарына мардымды жауап берді. 

Ислам мырза, берген ақпараттарына сай студенттерден кері байланыс ретінде практикалық жұмыс ұсынды. Студенттер күнделікті қолданып жүрген смартфондары арқылы әртүрлі бағыттағы видеороликтер түсірді. 

Шеберлік сабақты қортындылай келе, "Адырна" Ұлттық порталының Президентті Әубәкір Арман Серікұлы  келіп, студенттерге ізгі тілектерін білдірді. Ислам Иманали студенттерге арнайы сертификаттарын табыстады.

Кино&медиа мамандығының,1 курс студенті  Исенали Жанна Абдихалыққызы 

Жетекшісі: аға оқытушы, куратор Н.Б.Рушанова


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз