Өлең, жыр, ақындар

Қазақ білімінің қара шаңырағы - ҚазҰУ

Мен Өзбекстаннан келген қазақпын аты жөнім Аймаханов Шоқан Ерғалиұлы болады. Мен осы жылы ҚазҰУға “Стомотология” факультетіне оқуға түстім. 

Бұл жерге түсуді өте қатты қалаған болатынмын. Ескі тарих және жаңа ғимараттарға йе бұл университетте кімнің оқығысы келмейді дейсіз. Білім сапасы өте жоғары екеніне еш күмәнім болған жоқ. Міне қазір сол сеніміме көзім жетті. 

Ұстаздарымыз өте талапшаң, білімді, және түсінігі мол жандар. Әр бір мұғәлімдердің өз тәлім беру тәсілі бар. Менің мамандығым медицина болғандықтан бізге көп теориялық және тәжірибелік сауаттылық керек ҚазҰУ осылардың барлығын беріп жатыр. Бұл университетке түскен студенттердің болашақта өмірі керемет болады. 

Менімен бірге өте көп ұлт өкілдері оқиды олармен тілдесу, достасу және сөйлесу өте қызық. Ешкім басқа ұлт деп оларды айырмайды. Керісінше бірге ойнап күледі, қазақ жастары қатты қызығып өзге тілде сөйлеуге және үйренуге тырысады. Міне сондықтан ҚазҰУ үлкен жетістіктердің мекені. 

Өзбекстаннан келген студент 

Аймаханов Шоқан 1 курс Стомотология ҚазҰУ

Аға оқытушы Қайрақбаева Гулназ Солтанғазықызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз