Өлең, жыр, ақындар

Менің таңдауым ҚазҰУ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) - Қазақстан Республикасының жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі. Жалпы университет, дүниежүзілік жетекші университеттер ішінде 150-ші орынға ие. ҚазҰУ- мемлекеттік аттестациялаудан бірінші болып өткен және барлық мамандықтар мен деңгейлер бойынша білім беру қызметін жүзеге асыру құқығын растаған Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру жүйесінің жетекші мекемесі болып табылады. Мамандарды даярлау 180-нен астам мамандық бойынша жүргізіледі. Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-бұл бізге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын тұтас оқу-ғылыми кешені болып табылады. Университетте жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша 27 мыңнан астам студенттер мен магистранттар оқиды. Бүгінгі күнге Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің 300-ден астам ірі университеттерімен табысты ынтымақтасады, университеттердің Халықаралық, Еуропалық және Еуразиялық қауымдастықтарының, әлемдік университеттер Консорциумының мүшесі болып табылады. Мен механика және математика факультетінде механика және энергетика мамандығы бойынша 1курс магистранты болғандықтан, менің университет туралы ойым механика мамандығының инженерлерін профессионалдық даярлау тұрғысынан болады. Механика-математика факультетінде қазіргі таңда өте қажетті және өзекті, адам өміріне керек мамандықтар мен көптеген практикалық құрал-жабдықтар бар. Сондай-ақ, Қазақстандағы, тіпті шетелдік компаниялар мен университеттердегі көптеген Ғылыми Зерттеу Институтарымен үлкен материалдық база мен ынтымақтастықты атап өткен жөн. Соның айқын көрінісі ретінде, мен оқып жатқан механика және энергетика мамандығы Франция және тағы да басқа елдермен ғылыми-инновациялық, техникалық және робототехникалық тұрғыдан қарым-қатынасы жылдан жылға өркендеуде. ҚазҰУ әр жыл сайын магистранттарға өз білімдерін тереңдету жолында, Францияға(Лотарингия Университеті) барып білім алуға зор мүмкіндік береді. Университет бізге, екі дипломдық бағдарлама аясында, болашақта университетті 2 елдің дипломымен бітіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар тәжірибеден Қазақстанда және Францияда да қалып өтуге болады.Францияда оқу барысында, сіз тек қана білім ғана емес, сондай-ақ шетелдік тілдерді тереңірек меңгеріп, практикалық тұрғыдан жақсы дамыта аласыз. Қазіргі таңда, ағылшын және француз тілдері әлемдік көшбасшы тілдер болғандықтан, бұл сізге болашақта өте қажетті тәжірибе болады деген ойдамын. Сонымен қатар, сіз шет елдің мәдениетімен, тұрмыс-салтымен де танысып, өзіңізді жан-жақты дамытуға мүмкіндік ала аласыз. Университетте бакалаврда оқыған кезімде де мен өз мамандығым бойынша көптеген ақпарат алдым. Университет қабырғасында іргелі математика, механика және сонымен қатар математикалық және компьютерлік модельдеу кафедраларында өте жоғары білікті оқытушылар құрамы бар. Менің ҚазҰУ-ды таңдау себебім, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамытудың көшбасшысы және әдістемелік орталығы болып табылатын, өз қызметінің барлық бағыттарының тиімді корпоративтік менеджмент жүйесіне ие, ең озық әдістер мен технологияларды шебер пайдаланатын және импорттайтын, іргелі жоғары білімі бар әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайтын, ғылыми зерттеулерді жоғары деңгейде дамытатын әлемдік деңгейдегі заманауи жоғары оқу орны. Менің ойымша, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім ала отырып, сіз болашақта қазақ елін дамытатын және біздің мемлекетімізді дүниежүзілік жетекші 50 университеттің құрамына енгізетін нағыз ғалым бола аласыз.

Калиева Арайлым

ҚазҰУ механика және математика факультетінің 1курс магистранты

Филология факультетінің аға оқытушысы Уразгалиева С.А жетекшілігімен


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз