Өлең, жыр, ақындар

Бақытты балдәурен шақ

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Үлкен мұхиттай тұнық өмірдің шағын ғана бір бөлігі. Бірақ осы шағын бөлік тамаша сәттерге толы. Жанымды жадыратқан осы балдәурен балалық шағым әлі күнге дейін есімде. Есейе келе сол бір қызықты сәттердің қайта оралғанын қалап тұрамыз. Бірақ амал қанша, қайта оралмайтын білеміз. Қазіргі күн мен бұрынғы шақты салыстыратын болсақ, айырмашылық өте көп. 

Біздің балалық шағымыз қалай өтті ? Қаншама қызыққа толы күндеріміз, алысып тартысып, беріспей ойнаған ойыншықтарымыз бәрі тек естеліктер ғана. Денемізге жарақат түссе жылай салатын едік. Ал қазір есейе келе денеге түскен жараны, ешкімге білдіртпей іштей жасырып, өзіміз емдеп алатын кезге де жеттік. Бала кезде шырылдап жылайтынбыз, үйдегілер естіп бізге қарай келіп жұбатқанын күтетіңбіз. Ал қазірше аққан әр тамшы жасты көрсетпеуге тырысамыз. 

Менің балалығымда бірге жарысып өскен бауырларым,жанашыр доста, қамқоршы бауырға да айнала білді. Біз есейсекте жүрегіміз әлі де балаша ойлап, мәз мейрам болып әлі күнге дейін бір-бірімізді қуалап ойнағанымызды есейіп кетсекте қоймаппыз. Ата-Анамыздың жылы шырай жүздері, жұмыстан оралған сайын бір құшақ тәттілерін әкеліп біздерге еркелете беріп, құшақтарын айқара ашқандары бәрі есімде.

Жылдар зымырап адамдар ер жеткен соң балалық кезің аңсайтын болады.Ол кездегі достары,көңілді ойындары мен бастан кешкен талай балғын шақтары арқылы, жүрегімізде маңызды бір ерекше орын алады.Ол кездегі балалықпен істеген тентектігін мен бұзақылықтын өзі керемет қой ,шіркін. Балалық шақ еске алуға тұрарлық нәрсе.Кейде осы балалық шағымды еске алсам ,жәй түс көріп кеткендей боламын,балғын кезді сағындым. Адамдар балалық шақтан өтіп тезірек есейгенді қалайды.Өмірінің ең қызықты бөлшегі осы балалық шағы екенің бірі білсе,бірі білмейді.Балалық шақтан қош айтысқанда,әлі ақ сол балғын шақты сағынып,еске алатын боламыз.

Асель Кубашева    

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз