Өлең, жыр, ақындар

Міржақып Дулатұлы "Біздің мақсатымыздың" бүгінгі мәні"

«Біздің мақсатымыз» атты Міржақып Дулатұлының мақаласын талдап өткім келіп отыр. Ең бірінші мақала, қазақ халқының Ресейге тәуелді екенін және сол себептен олардың ешқандай құқықтарының жоқтығын   мәселе етіп айтып өтеді. Міржақып Дулатұлы сол кездегі қазақ халқының  басындағы барлық проблемаларды жеке-жеке қарастырып, бір – бірден атап кетеді.

Олар:

1) Халықтан жиналатын салықтың халыққа емес, өзге нәрселерге жұмсалуы;

2) Біздің дініміз, ділімізге және тілімізге кері әсер ету  мен жою мақсатында, молдалардың ісіне араласып, әдет-ғұрыптарымызға наразылық білдіріп, діни кітаптары бар адамдарды тұтқынға алуы;

3) Қазақ жеріне Ресейдің мұжықтарын жер аударуы. Өздерінің жері жетіп жатса да, байқұс қазақтардың жеріне қол сұғып, баса көктеп кіруі;

4) Халқына жаны ашыған, халқым деп жүрегі соққан қазақ ұлдарын патшаға қарсы шықты деп кінә тағып, «ұлтшыл» деген айыптаумен Сібірге жер аударуы. 

 Бұл дерекке « Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр, немесе түрмелерде  отыр…»  осы 

мақаланың бір бөлігі  дәлел бола алады.  Осы секілді мәселелерге баса назар аударып, қозғап өтеді. Мақала соңы осылай аяқталады. Мұндай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейді. Міржақып Дулатұлы елдің басына күн туғанда қасынан табылып, қарақан басының қамын емес, халқының жағдайын ойлап батыл әрекетке барды. Сөздері сүйектен өтетіндей жазылған бұл мақала шындықты, халықтың сол кездегі жай-күйін анық жеткізді.

Қорыта айтқанда, менің ойымша, кезінде ата-бабаларымыз осы секілді талай қиындықтан өткен болатын. Бұл ненің арқасында деп ойлайсыздар? Бұл әрине, адал ниеті, шынайылығы мен мейірбандығының арқасында. Халқымыз қашанда адал болды. Ақ пен қараны айыра білді және  әрдайым аққа жақ болды. Қандай қиындық туса да, осы бір қасиетімізден айырылмай, барлығын жеңіп шығып, мәңгілік ел боламыз деп сенемін.

Айтмолданова Аружан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз