Өлең, жыр, ақындар

Барселона соңғы 20 жылда алғаш рет Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңіне өте алмай қалды

Желтоқсанның 8-і күні Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің финалдық ойынында неміс «Бавариясы» Испанияның «Барселонасын» қабылдады.

Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер алаң иелерінің кезекті жеңісіне куә болды. Бавария Барселонаны 3:0 есебімен жеңді. Каталондық клуб 2001 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өте алмады.

Кездесудің 34-минутында «Баварияның» шабуылшысы Томас Мюллер Роберт Левандовскийдің пасымен есеп ашты. 10 минуттан кейін мюнхендіктердің тағы бір шабуылшысы Лерой Зейн басымдылықты нығайтты - 2:0.

Ал екінші таймда «Баварияның» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала есепті теңестірді. Неміс клубы 18 ұпай жинап, Е тобында бірінші орыннан Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты.

«Барселона» топтық кезеңді жеті ұпаймен 3-ші орында аяқтады және УЕФА Еуропа лигасында өнерін жалғастырады.

т.ғ.к Жұмаділ.М


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз