Өлең, жыр, ақындар

Аварияны туғызатын қандай себептер бар және оны жою

Авария (апат) — өндірістік процестің бұзылуын туғызатын, машинаның, агрегаттың істен шығуы немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуіне байланысты тоқтатылуы. Ірі өндірістік апаттарында өнеркәсіп орындарында, транспортта немесе басқа да халық шаруашылығы объектілерінде өндірістік процесс кенеттен тоқтайды немесе істен шығады, бұл адамдардың зардап шегуіне немесе шығынға ұшырауына, материалдық игіліктердің зақымдануына әкеп соқтырады.

Апат зардаптарының сипаты олардың түріне, ауқымына және авария шыққан кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты. Қейбір жағдайда авария атмосфераның ластануын, мұнай өнімдерінің, зиянды сұйықтар мен күшті әсер ететін улағыш заттардың төгіліп, жайылуын туғызады. Халық шаруашылығы объектілерінде көп жағдайда аварияны туғызатын себептер — технологиялық процестің және қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуы. Ірі өндірістік аварияны жою кезінде төмендегідей шаралар жүргізіледі: объектінің жұмысшылары мен қызметшілерін, авария қызметтерін, халықты (қажет болған жағдайда) аварияның пайда болған қауіпті зардаптары жөнінде хабарландыру; адамдарды құлаған үйінділердің астынан, қираған және зақымданған үйлер мен ғимараттардан шығару, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне көшіру; өрттерді сөндіру және оқшаулау; коммуналдық-энергетикалық жүйелердегі аварияны оқшаулау; авария болған жерлерге, зақымданған және қираған үйлерге кіретін және шығатын жолдар жасау; механизмдердің жұмыс істеуі үшін алаңдар дайындау; авария болған ауданға және ол шектесетін территорияларда коменданттық қызметтер ұйымдастыру. Оларды жүзеге асыру үшін авария әскерінің — аға бастығының шешімі бойынша авария әскери емес жасақтары тартылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз