Өлең, жыр, ақындар

Ұлыбритания баспасөзі

Қазіргі адамдар өз өмірін баспасөз, радио, теледидар сияқты бұқаралық ақпарат құралдарынсыз елестете алмайды. Ал соның ең алғашқы бастауы Ұлыбританиядан шыққанын біз біле бермейміз.

Ұлыбританиядағы алғашқы газеттер үш жүз жыл бұрын пайда болған болса, бүгінгі күні 130-дан астам күн сайынғы және жексенбілік газет, 1800 апталық және 7000-нан астам мерзімді басылымдар шығып отырады екен. 1990 жылдардан кейін Ұлыбританияның ұлттық газеттерiнiң құрамында 10 күнделiктi және 10 жексенбiлiк басылым болған. Қазiргi уақытта үш күнделiктi «Дейли герольд», «Ньюс Хроникл», «Морнинг стар» газеттерiнiң орнын «Сан», «Индепендент», «Тудей» газеттерi басты. Жексенбiлiк газеттер тобында «Рейнолдс ньюс», «Санди диспетч» басылымдарымен қатар «Санди телеграф», «Индепендент он санди» газеттерi пайда болды. 2000 жылы дүңгіршіктерде «Юропиан пресс» қожайыны болып табылатын таблоидтық жексенбiлiк «Санди бизнес» басылымы пайда болды. Ұлыбритания тұрғындары жексенбілік күндерден көп газет сатып алады, сондықтан жексенбілік газеттер күнделікті газеттерге қарағанда көп таралымға ие, олардың қатарына «London‘s Evening Standard» және «Evening News» сияқты кешкі газеттерді де жатқызуымызға болады, Ұлыбританияда «The Birmingham Post» газеті сияқты өте танымал газеттер де бар. Көптеген газеттердің өзінің саяси көзқарастары да қалыптасқан. Олар өздерінің басылым беттерінде қандай да бір саяси партияны немесе топты қолдайтын пікірлерді ұсынады. Күнделікті газеттерге: «Financial Times», «The Times», «The Daily Telegraph», «The Guardian», «The Independent» жатады. Бұқаралық газеттерге: «Daily Mirror», «Daily Star», «The Star», «The Sun», «Daily Mail», «Daily Express» жатады.

Ұлыбританияда ұлттық газеттер арасындағы бәсекелестiк өте қатты. «Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары алдына қойған «Таймс» газетiнен неғұрлым көп оқырмандарды тартып алу мақсаттарын iске асыра алмады. «Таймс» газетi ұзақ уақыт бойы өзiнiң таралымын 250 мың дана деңгейiнде ұстап тұрды.

Бәсекелестiк әсiресе, таблоидтық басылымдар арасында: «Миррор» мен «Сан», «Дейли мейл» арасында өте жоғары қарқында болды. Ұлыбританияда лорд Холликтiң басқаруымен «Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көрiп тұрды. Бiрақ, ұзақ жылдар бойы консерваторларға қызмет етiп келген бұл газеттер өздерiне ешқандай жаңа оқырмандар жинай алмады. Сондықтан таралымы төмен болды.

Ұлыбритания баспасөзі хабар таратуда да, сатылым бойынша  да алдыңғы қатарларды алып отырғаны шүбәсіз.

Орындаған: Бүркітбаева А., 2 курс студенті Жетекшілері: Майкотова Ғ. Т. , ф.ғ.к., доцент Әлім Ә.А. аға оқытушы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз