Эссе және өлең-жыр байқауы

Microsoft Word-пен жұмыс істеуде бірнеше кеңестер

Күнделікті жұмыста компьютерде отыратын адамдардың барлығы дерлік Microsoft Word-ты қолданады. Microsoft Wоrd-ты қолдануда бірнеше кеңес ұсынамсыз.

Датаны және уақытты жылдам қою.

Microsoft Word-та датаны Alt+Shift+D батырмаларын басу арқылы тез қоюға болады. Ал уақытты Alt+Shift+T батырмаларын теру арқылы қоя аласыз:

 

Үлкен әріпті кіші әріпке жылдам ауыстыру.
Клавиатураңызда CAPSLOCK батырмасы бастырылып, сіз мониторға қарамай біраз мәтін теріп қойған болсаңыз, осы тергендеріңізді жылдам кіші әріптерге ауыстыру үшін былай жасайсыз: Кіші әріпке ауыстырылуы керек мәтінді белгілеп алып, Shift-F3 комбинациясын тересіз. Суретті қараңыз:

 


Аралық сақтағышты қолдану.
Жұмыс істеу барысында мәтін немесе қатарды көшіріп қойған болсаңыз, осы көшіргендеріңіздің барлығының тізімін Аралық Сақтағыш (Буффер обмена) деп аталатын жолаушаны басу арқылы көруіңізге болады:

 


Скриншот алу
Word-та басты менюде Вставка бөлімін таңдап, оның ішінен Снимок деген жолақты бассаңыз, Word сізге скриншот алуға болатын аудандарды көрсетеді. Сонымен қатар Вырезка экрана батырмасын басу арқылы скриншот жасайтын ауданды өзіңіз белгілесеңіз де болады. Скриншот алуға болатын аудандардың бірін бассаңыз сол ауданның скриншоты Word-қа қойылады. Суретті қараңыз:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Замір

Скриншот алу туралы білмеппін...

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...