Өлең, жыр, ақындар

Сарайшық - қазақ даласындағы көне тарихи орын

Сарайшық қашан салынды ? Ол қалада кімдер тұрды ? Қазір қайда ? Әрине, қазіргі ұрпақ тарихқа тереңдеген сайын алдымен осындай сұрақтар оралып, жауаптар іздейтіні белгілі . Мүмкіндігім келгенше осы сұрақтарға талдау жасауды мақсат еттім . Өкінішке орай аталған қаланың дәл қай жылдары салынғандығы жөнінде қала тарихын зерттеген ғалымдар арасында әлі күнге дейін тиянақты дерек жоқ . Бары арабтың белгілі саяхатшы жиһанкезі Ибн - Батутаның 1334ж Сарайшықта болғандығы, сонда аталған қаланың шығыс және батысын жалғастыратын керуен жолы бойындағы ірі сауда тасымалдау,өткізу діни орталық екендігі және осы қала іргесіндегі Ұлысу өзенінде Бағдаттағыдай үлкен жүзбелі көпірдің бар екендігі айтылады . Бұл дерек оның « Дешті Қыпшақ бойынша саяхат атты» еңбегінде « Кіші Сарай қаласына келіп жеттік . Бұл Ұлысу » деп аталатын терең де, ағысы қатты үлкен өзеннің бойында салынған екен . Дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі жүзбелі көпір де осында орналасқан . Бізге бұдан былайғы шығысқа сапарымызды түйеге мініп жалғастыруымызға тура келеді -дейді . Мұнан басқа қолға ұстаған дерек те,алға тартар құжатта жоққа тән . Осы себептен де ғалымдар арасында аталған қаланың ірге тебуі жөнінде жорамалдар ғана бар . Аңызға толы - Сарайшық XIII – XVI ғасырларда Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек Жолының бойындағы маңызды бекеттін бірі. Хан Ордасы болған ортағасырлық кала. Академик Ә. Марғұланнын пікірінше, Сарайшык кезінде дүниеге аты әйгілі болған Алтын Орда салынған. Алтын Орданың өмірге келуі XIII-XV ғасырларда бұл керуен жолының Солтустік Каспий тармағының жандауына, сейтіп бұл бағыттағы калалар мен елді мекендердін тез дамуына, солардың бірі-Сарайшыктың да гүлдненуі не тікелей әсер етті. Аталған кезенде Сарайшыкта Жібек Жолының бірнеше тармақтары тоғысты: Қытайдан жібек арткан керуен жолдың тіке батыска шығар тармағымен Алакөл, Дүңгене, Отырар арқылы Сыр бойын жағалап Сарайшыкка келсе,жолдың Қытайдан шығатын келесі бір тармағы Пакістан, Үнді, елдерін аралап, Үргенші аркылы Сарайшыкқа.Отыз жылға таяу Алтын Орданы басқарған Бату қайтыс болып, інісі Берке таққа отырды. Мысьр еліне кұл ретінде сатылып барып, сол елдің хан тағына көтерілетін қыпшақ ұланы Бейбарыстың Берке кайын атасы екендігі окырманға белгілі. Сарайшық Алтын Орданың рухани астанасына айналды. Сарайшыктағы Акку көлі, алтын қайық,көмілген мол қазына туралы халық аузында аңыздар көп айтылады.

Тоқанова Аяужан


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз