Өлең, жыр, ақындар

Өзін қабылдау, өзін бағалаудан құндылықтарға

Қазіргі таңда ең маңыздысы ол адам тұлғасының өзін-өзі дұрыс бағалай білуі. Даму үрдісі өмір бойы тоқталмайды, сондықтан сол үрдіске сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі көп болса, сонда ғана адам тұлға ретінде өзі де дамып, көп ақпарат алады.

Өзін-өзі бағалауда тұлға үшін маңыздысы: шындық пен «Мен және Ол» арасындағы байлансы. Тұлғаның өз «Мен»-іне жақындауы, өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттілігінің дамуы кезінде ғана жүзеге асады.

Тұлғаның өзін-өзі дұрыс бағалауына коррекциялық тренингтер өткізу қажет. Топтық тренинг сабақтары мен жаттығулары түрлі келеңсіз жағдайларды жеңе білуге, ұстамдылық пен ақылдылық танытуға, өзінің әрекетіне есеп беруге, бойын кернеген жағымсыз сезімдерді тежеуге, жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмегі мол.

Өзін-өзі бағалау – тұлғаның өткен тәжірибесін жалпылауы және өзінің «Мен»-іне жаңа ақпарат ұйымдастыруының когнитивті сызбасы болып есептеледі. Сонымен қатар, өзін-өзі бағалау, әсіресе тұлғаның қабілеті мен мүмкіндігі туралы айтылса, тұлғаның белгілі бір үміттену деңгейін көрсетеді. Тұлғаның үміттену деңгейі әр түрлі жағдайларға, себептерге байланысты. Мысалы: достарының арасында мақтаншақ бала, мұғалім мен өзін басқалай бағалайды. Сол себептен өзін-өзі бағалау өзін жетілдіру құралы болып, айналасындағы адамдарға өзі туралы жағымды әсер беру үшін жағдай жасау.

Тұлға өзін екі жолмен бағалайды:

  1.  өзінің үміттену деңгейі мен іс-әрекетінің шынайы нәтижесін салыстыру арқылы;
  2.  өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы. Тұлғаның үміттену деңгейі жоғары болған сайын, оны қанағаттандыру қиынға түседі. Іс-әрекеттің жетістіктері мен сәтсіздіктері индивидтің өзінің қабілетіне баға беруіне әсер етеді. Жалпы өзін-өзі бағалауда тұлғаның жеке-дара ерекшеліктерін де ескеру қажет. Тұлғаның өзіне берген бағасы тұрақты емес, ол әр-түрлі жағдайларға байланысты өзгереді.

Тұлғаның өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін:

  1. шынайы «Мен»-мен идеалды «Мен»-ін салыстыру қажет. Тұлға өзін қандаймын деп есептейді және ол қандай болғысы келеді;
  2. басқалардың берген бағасына қарап, адам өзін-өзі бағалайды;
  3. өз ісін бағалау арқылы.

Оқушының өзін-өзі бағалау ерекшеліктері. Бала өзінің интеллектуалдық деңгейіне өте үлкен мән береді және де басқалар оның бұл мүмкіндігіне қандай беретіні жиі мазалайды, ол танымдық іс-әрекетінде өзін-өзі бағалау рөлін зерттегенде анықталған. Өткізілген зерттеу бойынша бірде-бір оқушы (сонымен қатар үлгерімі төмен оқушылар да), өздерінің үлгерімі төмендігі және тұрақсыздығының себебін интеллектуадлық қабілетін төмен деп санамайды. Олар өздерін жалқау, тәртіпсіз, жауапкершіліксіз деп санайды

Бала өзін бақытты сезіну үшін, қиындықтарды жеңу үшін, жақсы және жаңа жағдайға тез бейімделу үшін ол өзі туралы жақсы ойлау қажет. Өзін-өзі бағалауы төмен бала әрбір істе кедергілерге тап болады. Олардың қобалжу құрбы-құрдастары мен сыныптастарымен қарым-қатынас құруда қиналады, оқуда қатты қобалжиды.

Тұлғаның өзіндік бағалауы мен өзіне сенімділігі сияқты қасиеттерінің арасында белгілі бір тәуелділік бар. Кеңес ғалымы Е.А. Серебрякова атап көрсеткендей, өзіне деген сенімділіктің немесе сенімсіздіктің және өзіндік сенімнің көрінуі өзіндік бағалаудың сипаты болып табылады. Осы орайда, ол тұлғаның өзі туралы жағымды пікіріне тәуелді болып келеді. Өзіндік бағалауда тұлғаның өзіне, өз мүмкіндігі мен әлеуетіне деген көзқарасы көрініс.

Өзіне сенім арқылы тұлға өз күші мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалайды. Бұл жағдайда тұлғаның әрекеті әлеуметтік орта талаптарына сәйкес болады. Сенімсіздік қасиеті тұлғаның өз мүмкіндіктері мен әлеуетін жеткілікті бағаламауы болса, ал, өзіндік сенім асыра бағалау болып табылады. Сондықтан да, тұлғаның өзіндік бағалауынан тұлғааралық қарым-қатынас сипаты, басқа адамдарға қатынасы, іс-әрекет жетістігі, тұлғаның жан-жақты дамуы тәуелді болып келеді. Тұлғаның өзін дұрыс бағалауы оған рухани қанағаттануды қамтамасыз етеді.

Тұлғаның қалыптасуы әлеуметтік құндылықтармен байланысты болып келеді және «Мен» бейнесінің кез келген элементтері тікелей этномәдени қоршаған ортаның, тұлға дамып отырған этностық кеңістіктің әсерімен қалыптасады. Тұлға құрылымындағы этностық құрамдас бөлікті елепескермеу этностық дәстүрлердің, құндылықтардың тегістелуіне себепкер болады, бұл адамның мәнін түсінуді қарапайым ете түседі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз