Өлең, жыр, ақындар

Университетім мақтанышым!

Университетім – мақтанышым!

 

“Егер сенің мақсатың бір жылдық болса,онда күріш ек.

Егер сенің мақсатың он жылдық болса,онда тал ек.

Егер сенің мақсатың өмірлік болса,онда оқыт”

 

 

 

         Конфуций ілімінде, жоғарыдағы жүйелі нақыл көрсетілген екен. Қарапайым мысалмен ұстаз сөзінің ұлағатын паш етіп тұрғандай! Әркімнің таңдаулы арманы бар,тамаша талғамы бар. Ал, менің таңдауым мен тамашамның түйіскен жерін- Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Жаратылыстану институті, 6В01507-химия мұғалімі мамандығы.

        Мен осындай жауапты да жарқын мамандық иесі болатыныма мақтанамын. Осы мақсатымның орындалуына менің дара университетімнің қосып жатқан үлесі зор. Иә,бұл шынымен асыра сілтеу емес.Оған білім алып жатқан қыздарымыз куә. «Бір қызды тәрбиелеу - бір ұлтты тәрбиелеумен бірдей» деген Елбасының өнегелі сөзі бар емес пе. Сөз бостандығын бүркемей, түйгенім мен ұққанымды бөліскім келеді.

       Университетіміздің іргетасы 1944 жылы қаланған. Міне содан бері келе жатқан дара шаңырағымыз сол бір албырт сезімге жаңа бой алдырып, қызылды-жасылды әлемнің құшағында лапылдап жанған бой жеткен кезде көкіректе көктеген арман еді ғой талай аруға.

        Қазіргі заманның талабына сай, біздің университетіміз білім алу жолында студенттерге үлкен мүмкіндіктерге  қол жеткізуге барлық жағдай жасауда. Соңғы үлгідегі зертханалар мен аудиториялар, электрондық кітапхана, жоғары дәрежелі ұстаздар, қос дипломдық бағдарламалар. Нарық сұрауына және кәзіргі кездегі мұғалімге қойылатын талаптарға сәйкес жаратылыстану пәндерінен ағылшын тілінде маман даярлайды.

         Міне биылғы жыл біз үшін жемісті де жеңісті жыл болды.Ұлттық институционалдық рейтингте университет отандық оқу орындарының алғашқы ондығына және Қазақстанның үздік 3 педагогикалық ЖОО-ның қатарына енді. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті алғаш рет Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің QS 301 - 350 халықаралық рейтингіне кірді.

Дара университетіміз сізді келесі жағдаймен қамтиды:

-Жатақхана( заманауи талапта )

-«Аққу»Бассейні(студенттердің сүйікті демалыс орны )

-Кітапхана( әлем кітап қорымен)

-Спорттық зал(фитнес зал)

-Асхана(үш уақыт тегін тіл үйірер аспен)

-Шәкірт ақы( педагог мамандықтарына биыл 42000 теңге)

-Академиялық ұтқырлық(70-тен астам шетелдік серіктестері)

 

Біз университетіміздің даңқты түлектерімізбен мақтан етеміз:

Мәдина Ералиева- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің лауреаты

Асанғазы Оразгүл- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

 Асылы Осман- Қазақ қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Парасат ордені» нің және "Тіл жанашыры" құрмет белгісінің иегері

Дина Хамзина –Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері

Гүлнұр Оразымбетова ,Роза Әлқожа, Тамара Асар- Қазақ халық әншілері, еңбек сіңірген қайраткерлері

Рафиқа Нұртазина-педагог-әдістемеші, ғалым, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалімі

Егер сен маған айтсаң мен ұмытып қаламын.

Егер сен маған көрсетсең есімде сақтаймын.

Егер сен маған жасатсаң,мен оны үйренемін

Иә,жас түлек химия кафедрасының профессор оқытушылары химия әлемінің көптеген құпиясымен таныстырып, қызықты да , пайдалы да ғылымға бауыр басуға ыңталандырады.

Егер сіз ғылымды игеріп, ұшқыр ойлы идеяларыңыз арқылы Қазақстанның ғана емес алыс, жақын шетелді де аралағыңыз келсе,жалындаған жастық шағыңызды жарқыратып өткізіп, арманыңыздағы болашағыңызды құрғыңыз келсе, Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетіне келіңіз.

Біз сізді күтеміз!

 

 

 

 

Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық

Университеті  Жаратылыстану институті, химия кафедрасы

2 курс студенті 

Нұрболат Динара


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз