Өлең, жыр, ақындар

«Ел боламын десең экраныңды түзе» немесе масс – медианың қоғамдағы рөлі

Дүние жүзін үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз етіп отырған БАҚ саласы. Осы БАҚ арқасында ірі компаниялар ашық және жасырынды жарнама жасап өздерінің өнімін насихаттап, жаңаша бір өмірді көрсетіп қызықтыратыны рас. БАҚ ақпарат тарату бірнеше топқа бөлінеді. Олар: телевидение, радио, газет – журналдар, сайттар деп бөлінеді. Ресми нақты ақпарат осы бөлімдер арқылы таратылады. Жыл өткен сайын ақпараттардың жан – жақты таратылуы көбейіп кетті. Ғаламтор беттеріндегі жалған ақпараттар, қоғам арасында іріткі тудыратын бейнероликтер әлеуметтік  желілермен таратып қоғамға таратылып жатыр.

Масс – медианың адам өміріне әсері бар. Тіпті өміріміздің бір бөлігіне айналды десек те болады. Теледидар да  көрсетіліп жатқан кинолар, ток – шоу бағдарламалар тікелей санаға әсер етпек. Тіпті қалыптасқан тұрмыстық ережелерде бұзып, ақыры суицидке итермек. Осыған дәлел ретінде 1960 жылдары Микронезия аралында өмір сүретін қоғам, өз – өздеріне қол жұмсау  дегенді білмеді. Қоғам дамып медиа – мәдениет бұл аралға да жетті. Соңғы 5 жылдықтың ішінде жастар арасында өлім – жіті саны артты. 1980 жыл Микронезия аралы 1 орынға шықты. Бұл жайтқа себеп ақпараттық құралдарда жарық көрген оқиға әсер өткен. Теледидар таралған ақпарат бойынша 17 жасар Сима есімді бозбала әкесімен келіспей, әкесі оны үйден қуып жібереді. Әкесіне қарымта ретінде Сима асылып өледі. Бұл хабар ақпарат құралдарының ықпалымен аралда кеңінен тарайды. Сол сәттен бастап жас жеткіншектердің көпшілігі Симаға еліктеп бастайды. Ата – аналарына, қоғамға өздерін көрсетудің ритуалды түріне айналды. Жастар арасында осындай мәндегі әндер, көше дуалдары мен футболкаларда жазулар пайда болды. Симаның ісін құптар тәкәппар жастар көбейіп, өтпелі шағында масс- медианың әсері олардың мінез – құлқына әсер етті.

Қазіргі ақпаратты қоғамда рейтинг үшін ток – шоулар, әр түрлі жанрдағы бағдарламалар көбейіп жатыр. Олардың біздің салт – санамызға әсер етіп жатыр. Қоғамдағы «бұзылған» адамдар немесе болмысынан безген «қыз текелерді» теле – бағдарламаларға әкеліп сұхбат алады. Мұндай хабардан байқайтыным оларды «өз өмірі, адам еркін өмір сүру керек! Ұят емес!» деп дәріптеп жатады. Бұл біздің бала тәрбиесінде қалыптасқан  стереотиптерге қайшы келеді. Бірақ бұлар қоғамда беймәлім өздерімен – өздері болса әсері онша болмайды. Оларды телевидениеге шығарып дүйім жұртқа жария еткен соң, қоғамда пікірталас туғызады. Онымен қоса жарнамаға шақырып, рейтингтерін көтереді, ақпараттық құралдарымен таралып, психологиясы әлсіз адамдарға үлгі боларлықтай адамға айналады. Осылай қоғамда жаңбырдан кейінгі жауған саңырауқұлақтай қаптай бастайды.

Масс – медиа арқылы қоғамда жаңа бағыт пайда болды. Өзге елдің мәдени бағытын тек телевидениеден емес, әлеуметтік желілерден тарап, көре бастадық. Алғашқыда «You tube»  желісінен Кореялық K - POP бағытындағы өзіндік стильі бар әншілер шыға бастады. Алғашқыда 2011 - 2012 жылы қыздар арасында кеңінен танымал болды. Шаштарының түсі әртүрлі,  түрлі бұйым таққан қыз – жігіттер Қазақстандық жастардың таңданысын туғызды. Солардың ізбасары болып 2015 алғашқы қазақстандық Q – POP топ құрылды. Бастапқыда бәрі қарсы болды. Белі ышқырына, ышқыры тізесіне түскен киім, «боқтық» сөз араласқан мағынасыз өлеңдер біздің қазақи ұстанымға қайшы еді. Бірақ соңғы 5 жылдықта Қазақстанда Q – POP әншілері кенедей қаптап кетті. Қалыптасқан ұстанымды бұзды.

Күнделікті өмірде көрсетіліп жатқан, кинолар өзге елдің дінімен мәдениетін дәріптейді. Болашақ жас солардан көргенін қайталайды. Бір күні әлеуметтік желіде отырғанымда, кішкентай қыз балалардың ойыншықтан пұт жасап, үстеріне орамал орап, қолдарына от ұстап, пұтқа табынып жатқан видеосы пайда болды. Видеодан аңғарсақ бір – бірлерін кино кейіпкерлерінің есімдерімен атап «біздің құдай Шива» деп атап жатқанда жағаңды ұстармысың. Өзге елдің қаңсығын таңсық қылған жас балалар, ақыры  қызығып, сол елдің мәдениетін ұстанбаққа кім кепіл? Себебі Қазақстан зайырлы мемлекет.

Кеңестік кезеңде, киноларда ішімдік ішіп, сылқия тойған адамдар бой көрсететін. Сол уақытта да  қоғамда алкогольге әуес адамдар көптеп кездескен. Байқағанымдай қай уақытта қандай ақпарат таралса қоғам соған бейімделеді.

Дүниежүзін дүрмекке салып, 7 миллиард халықты тентіреткен кесірлі кеселдің кесірінен, жалпы медиада көңіл қуантарлық жаңалықтар таратылмады. Сол кезде рухани тұрғыда шаршағанда әлеуметтік желілердегі мотивациялық бейнероликтердің маңызы зор. Рухты сөздерімен адамға шабыт беріп, өмір салтын қалыпқа келтіруге, жаңа бағыт бастауға құштарлығыңды ашады. Қазіргі кезде желілер арқылы таралған онлайн – тренерлер жетерлік.

Жаһандық дамуға масс – медианың ықпалы зор. Себебі ол халыққа бағыт – бағдар тәрбиелейтін сала. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, ел боламыз десек экранымызды түзейік.

Аралбай Камшат

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1 – курс студенті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз