Өлең, жыр, ақындар

ҚазҰУ - ғылым мен білімнің ордасы

1934 жылы еліміздіегі ең алдыңғы қатарлы оқу орны - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ -  сапалы білімнің қара шаңырағы, бәсекеге қабілетті, QS рейтингі бойынша ең үздік жоғары оқу орындарының ішінде 220-шы орынға ие университет. Бұл деңгейге ТМД, СНГ елдері бойынша ешқандай оқу орны кірмейді.

Жалпы, өмірде әр адамның белгілі бір арманы болады. Кей уақытта сол арманға жету үшін көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты бастан кешіруге тура келеді. Барлық бітіруші түлектер сияқты менің де бірқатар армандарым болды. Солардың бірі -  балғын балалық шақ, мектеп қабырғасын тәмамдап, жоғарғы оқу орнының студенті атану. Сол арманым айқын мақсатыма айналды. Сөйтіп, Алланың қалауымен ҚазҰУ-дың студенті атандым. Бұл - менің таңдауым. Армандарымның бастамасы. Маған осы университет қабырғасында білім алу бақыты бұйырғанына ризамын. Енді жақсы білім алып, керемет маман иесі атанып, болашағымды жарқын етіп, еліме пайдамды тигізу - менің қазіргі мақсатым.

ҚазҰУ университетіне түскен кез-келген студент өзіне сұрақ қояды: "неліктен ҚазҰУ-ды таңдадым?". Мен оған былай жауап қайтарар едім біріншіден, ҚазҰУ - сапалы білім орталығы; екіншіден, ҚазҰУ - еліміздегі ЖОО-ның элитасы; үшіншіден, ҚазҰУ-ды тәмамдау арқылы жақсы жұмыс орнына орналасы мүмкіндігі туады.

Бұл жоғары оқу орнында студенттік шақты қызықты өткізуге болады. Осыған байланысты бұл универде студенттерге барлық мүмкіндіктер жасалған: түрлі ұйымдар, жарыстар, басқосулар жиі ұйымдастырылады. Иә, бұның бәрі де рас, ҚазҰУ - барлық жалынды жастардың арманын орындайтын мекен. Еліміздегі ең үздік білім ордасы, қара шаңырағы. 

ҚазҰУ-ға түскен әрбір студентке қолайлы жағдай жасалған. Себебі, әл-Фараби кітапханасы, интернет орталығы, ғылыми орталық, "Керемет" СҚКО, барлығы да студенттің игілігіне жұмыс жасайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, "Болашақ - білімді жастардың қолында", олай болса, ата-анамыздың, еліміздің үмітін ақтап, білім алып, аянбай еңбек етіп, еліміздің елеулі азаматы атану -біздің борышымыз.

Қытайтану кафедрасы, Шетел филологиясы мамандығының 3 курс студенті - Бекбергенова Аяжан

Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз