Өлең, жыр, ақындар

Он үшінші ойыншы (С.Бақбергенов)

Шығарманың кіріспесінде Бақбергенов бала жанының аңғал, өтірік айтпайтынын, адал, таза жүректі екенінін басты кейіпкер Айдар арқылы сипаттап өтеді. Айдар-əкесіз өскен бала. Жастайынан барлық балдар секілді футболға қызығып, бейім болып өседі. Бірінші, сырласы анасы болса, екінші мұңдасы, құрбысы Сайра болады. Əке жайлы сөз қозғалғанда тына қалатын. Мен осы шығарма арқылы əкенің махаббатын, сүйіспеншілігі бөлек екенін түсіндім. Əке сезімі терең, суық əрі сұлық сезім. Əкенің осындай жылуын алып өспеген Айдар қиялшыл болады. Өз досыммен əкесі жайлы сөзге келіп, тіресіп қалады. Досының "сенің əкең қашқын" деген сөзіне көндікпей, 3 жыл бойы анасына ешнарсе айтпай, жыраққа қашып кетеді. Ол намысқой, шыдамды, ақылды болғандықтан оқу оқып бітіріп, ұста болады. Айдар кішкентайынан "Қосшы" футбол командасында ойнайтын. Əкесінің жатқан жерін тауып, топырақ тастап, көңіліне медеу болуы үшін бейіт басындағы емен ағашының шыбығын алып қайтады. Осылайша туып өскен жері Шолоққорғанға келіп, Мыңжылқы, Келіншектау секілді жерлерде салынған өзінің үйіне сол бір емен шыбығын егеді. Айдар қайтадан футболшы болуға шешім қабылдап, өзін жаттықтырып "дриблер" деген атақты алады. Анасының "мықты бол, қажыма" деген сөзі демеу болады. Неге шығарма атауы Он үшінші ойыншы?Өйткені, Айдарға апайы Он үш саны бақытсыздық əкеледі деген. Т. Бигелдиновпен кездескеннен кейін бұл ойды өзгертіп, он үш санын өзіне меншіктеп алады. Өміріне он үш саны сəттілік əкеледі. Міне, шығарма осылай бітеді.

Тұрғанбек Бибіфатима


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз