Өлең, жыр, ақындар

Абай шығармашылығындағы діннің айырықша көрінісі

Абай атамыздың қандай еңбектерін алсақ та ол жерде даналықпен дін,қазақылықпен дәстүр және Алла ға деген сүйіспеншілігін бір оқығаннан ақтүсінуге сезінуге болады.Абайдың дінге деген көзқарасы айырықша болған деп есептесекте болады. Иә білетініміздей Абай мынандай болған деп дөп түсу қай адамға болсын қиын және оның еңбектері арқылы сынауға болмайды.АбайМұсылманның бес парызының ең бастысы – жаратушы бір Алланың бар екендігіне, оның бірлігі мен ақиқатына сенген оны өзінің шығармашылығыннан байқауға болады.

Абай шығармалары ұлтымыздың тұрмыс тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтиды. Абай қазақ тек бірлікте болу шықырған десекте болады Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай әрбір қазақ баласын өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуға шақырды. Кемеңгер ойшыл «атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, өмірдің мәні мен мақсатын Адам болу деп таныды. Біз жастардың қазақи тәрбие мен Ислам құндылықтарымен өсуді аманат қылады.

Абайдың шығармашылығындағы ойы бойынша,Алланың махаббатымен жаратылған біз, яғни адамдар, жаратушы бір Алланы шын жүрегімізбен, бар болмысымызбен, жанымыздан артық сүюіміз керек. Тек махаббатпен Еш қорқынышсыз Өйткені, қорқыныш бар жерде махаббатқа орын жоқ. Сондықтан да бір Аллаға сеніп, иман келтіріп, біз оны тек қана махаббатымызбен шын сүюіміз қажет. Бұл әрбір пенденің өмірлік ұстанымы, иманы болуы шарт.

Абайдың  жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.Абай дінді Алланы танытушы, хикметін зерттеуші хакім. АбайАлланы тану, яғни теология мәселесімен арнайы шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылармыз деп атаған тақуалар де «Алла бір, пайғамбар хақ» дегеннен аспаған» деп мәлімдеуі орынды

Ұлы Абай қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы болып табылады. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз

байланысты. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, ойға ой қосады, жаңа көңіл күй мен сезімге бөлейді, асыл армандарға жетелейді, жалпы өзіңді тұлға болуға қалыптастырады.

Қорыта келе, Абайды арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жатыр. Бірақ оның шығармаларымен жаңғыру деңгейіне әлі жете қоймадық. ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде, адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл ретте Абай армандаған «бүтін адам», Абай көксеген «толық адам» тұжырымдамасы ең озық идея. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөзері қай заманда болмысын жоғалатпайды.

Амангелді Жанғали, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2-курс студенті www.kaznu.kz, ғылыми жетекшісі ҚазҰУ-нің аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Аскарбаевна.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз