Өлең, жыр, ақындар

Қыркүйектен бастап мұғалімдер жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемеақы ала алады

Педагогтар үстемеақы алуы үшін жаз айларының ішінде аттестаттау рәсімін бітіруіміз керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс», — деді Асхат Аймағамбетов министрліктің Facebook парақшасында онлайн режимде өткен аппарат жиналысында.

Сонымен қатар, министр бұған дейін балабақша, колледж педагогтері, директорлар мен олардың орынбасарлары аттестаттаудан өтпегенін және үстемақы алмағанын атап өтті.

«Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келді. Мысалы, колледж педагогтары аттестаттаудан өтеді. Бірақ, алған санатына тиісті үстемақы берілмейтін. Мектеп мұғалімдері үстемеақы алады, ал колледж мұғалімдері алмайтын. Балабақша бойынша да осы мәселені әріптестеріміз қанша жылдан бері көтеріп келді. Директорлар мен олардың орынбасарлары туралы тіпті айтудың да керегі жоқ. Олар аттестаттаудан өтпейтін және өтсе де үстемеақы алмайтын. Енді директор мен оның орынбасарлары аттестаттаудан өтіп, нәтижесінде 30-дан 100 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алу мүмкіндігіне ие болады. Балабақша, мектеп, колледж педагогтарына 30-дан 50 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл қаңтар айынан бастап қосылған 25 пайыз жалақыға қосымша төленеді», — деді Асхат Аймағамбетов.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (43)

Жанар

Неге мұғалімдердің байлығын көтере береді,кешегі соңғы тоқсанда ата-аналар жоқшылық,олар тек тапсырма беріп қойып отырды,балаларымыздың білім деңгейін сол карантинде көрдім,алған бестеріне алайық емес,сонда мұғалімдер өтірік баға қояды ма?

әділхан

мұғалімдердің айлығын қайта азайту керек.Өтірік баға мен өздерінің шала сауаттылықтарының арқасында білімсіз жастарды мектептен шығарып жатыр.Бәрі бірдей емес әрине.Сол сауатсыз мұғалімдер мен жоғарғы оқу орнын бітірген сауатсыз мамандар еліміздің болашағына балта шабады.Оның зардабын қарапайым халық әлі көп көреді болашақта.

Мадина

Психологиялык ириктеу жасауды умытпаныздар,не бир психтар устаз болып жарытпас

Айжан

Мұғалім айлығын көтере берудің қажеті жоқ кезінде жұмыс жоқ кезде дипломды өтірік оқығандар бухгалтер кассир дүкенші пол жуғыш мал баққандар. Балабақшаға бала алып барсаң тәрбиешілер немерелерін құшақтап отырады қалғандары ешкімі жоқ балалар әр жерде жатады дөңгелеп өз немерелерін ойнатады қымтап жауып жатады мұғалімдер өтірік ауданнан ары аса алмайды жинап алғандары аудан грамоталары облыс,республика ондай жоқ мына директорлар өзіне пайдасы бар адамдарды жинап алған. Басқа адамдар келеді кетеді ал директор аспандағы ай. Қол жетпейтін.Артыңа түсіп алады бәрі жемқор шынымен ақ Қазақстандағы жемқор чиновниктердің артынан теуіп қуу керек. Ит жыным кеп отыр мұғалімнің айлығын көбейтеміз дегенше 90 жылдары жұмыссыз қалған 40 пен 60 жас аралығындағы сол кездегі жастар қазір минимальный зейнетақымен қалғандардың зейнетақысын көтерсін мұғалім мұғалім деп зарлады да қалды үйдің жанында тұрады мұғалім. Мен оны мұғалімге санамаймын. Псих ненормальная.

Мұрат

Неге олай дейсіздер ?! Сонда балаңыздың сауатсыз болуына жалғыз мұғалімдер кінәлі ме? Ал, баласын үйден бақыламай ата - аналар қайда қарап отыр?! Білімді мұғалімдер бар, жоқ емес. Білімі жағынан білімді, кәсіби шеберлігі жағынан мықты бір - бірінен асып түсетін ұстаздар бар. Балаңыз алып отырған бағаға лайық болмаса кінәні өзіңізден іздеңіз!қшықтықтан оқытуда өз баларына әрең шыдап, олардың сабағын мүлдем бақыламаған ата - аналар да жетерлік.Төтенше жағдай кезінде ұстаздар қауымы балаларымыздың білімі алу процесі үзілмесін деп барын салып жұмыс жасады. Ұстаздарға көп рақмет! Құрметті ата - аналар , ауыз менікі деп ауызға не келсе соны бей берекет сөйлемей , ойланып сөйлейік. Ертең қыркүйек айында сол ұстаздардың алдына балларыңызды қайта апарасыздар. Жалғыз мұғалім 25-30 оқушымен жалғыз өзі жұмыс жасайды, өздеріңізді осы мұғалімнің орнына қоя біліңіздер. Ұстаздарымыз аман болсын!

сауле

Карсы емеспин ..ал мугалим тусиндиру керек деиди билимсиз калып жатыр деиды Мугалим барлык окушыга тусиндиретин шыгар Бирак барине сурап улгермеиди Мугалим тусиндирди деиык уйге келгенсон каитадан окуын окытасыз Бир жагынан балан коз алдында журеди....

әділхан

мұғалімдердің сауаттылығы олардың электронды күнделік толтыруға, баға қоюға қарсылығында бірден білінді, өйткені олардың білім деңгейі, жаңа заманның талаптарына сауаттылықтары жетпейді.Көп мектептерде мұғалімдердің орнына мектеп программистері жұмыс жасайды,Күнделікті толтыра алмайтын мұғалімнен қандай ізденіс пен жаңашылдық шығады.Мектепте жүрген соң көресің олардың білім деңгейлерін.Мұғалімдердің дені қазір өздері арызқой,жылауық болып алған.Қит етсе бізді өлтіріп жатыр деп шулап шыға келеді.Ешқандай мәдениеттілік жоқ оларда.Сенбілікке шықса тақтарынан түсіп өліп қалатындай.Астанада әкім болып тұрғанда Тасмағамбетовке мұғалімдердің тамыз мәслихатында біз неге сенбілікке шығамыз дегенде,Иманғали ағамыз қашан мәдениеттерің жетіп қоқыс тастауды қоясыңдар сол кезде сенбілікке шығуды да қоясыңдар деп жауап беріп еді.Одан бері ешнәрсе өзгерген жоқ қоқыс та сол күйі шашылып жатыр.Мұғалім де сол күйі,солардың санасы жетпеген жерге қалған жұрттың санасы қалай жетсін.Міне біздегі мұғалімдердің сиқы.

Галымжан

Жазылған пікірлерді оқып Сіздердің кінәні тек мұғалімге артып қойғандарыңыз өте орынсыз екенін айтқым келеді. Бұлай деуге себеп қоғамда өте сауатты, өз кәсібін жақсы көретін мұғалімдер жетерлік. Тек оларға қолдау көрсетудің орнына өздері топас бола тұра өзгені білімсіз деп санайтын, шындап келгенде баласына түкті де үйрете алмайтын надан ата-аналар өте көбейіп кеткен. Ата-ана баланың санасына: "Мұғаліміңнің өзі білмейді", "Дипломды сатып алған", "Жұмысқа ақшамен кірген" - т.с.с. сөздерді құйып қойғандықтан, бала мұғалімді сыйлайды ма? Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе мынау "Жаңартылған біліім беру мазмұны" елдің болашағын бұлыңғыр ететін, халықты жаппай топастыққа апаратын бірден-бір жол. Бұл жүйені түбімен құрту керек. Мұғалімнің уақыты түкке керексіз "kundelik.kz" порталын толтырумен кетіп жатыр. Яғни біреудің қалтасының қалыңдауы үшін жұмыс жасауда. Білім жүйесінде тұрақсыз реформа орын алған сайын, елдің білім деңгейі төмендей береді, төмендей береді. Бұл жерде кінәлі тек мұғалім емес. Мұғалім - бұтақ, оқушы - жапырақ болса, Реформа жасағыш министрлік сол ағаштың - тамыры. Бұдан қорытынды, тамыры бір жерге нақты отырмай, бұтақ та, сол бұтақтың сәнін кіргізетін жапырақ та ешқашан көгермейді.

Манат

Мұғалім ата-ана болса түсінеді мен өзім мұгалім болып істеймін,бірақ қиыны қиын жұмыс жұмыс қиын емес ата-ана қиын мектепке келсе кеудеңнен қағып кете жаздайды кейде базарда,тойларда кездесіп қалсаң кеудесін көтеріп менсінбей тұрады ойбай пәленше деген мұғалім бе түгенше ме айтатындары жабайы сөздер,ал мектепте директор кім болса соны жұмысқа қабылдай береді менің анық көзімнің жеткені директорға білім сапасы емес қалтасы көбірек толғантады.Үй салсам,фазенданы толтырсам,баламды оқуға түсірсем,машина алсам оны қайта сатсам толып жатқан проблемасы қайталап айтамын осыны оқитындар не күледі не рас нәрсе дер директорға білім сапасы емес қалтасы толса болды.Мектепке жұмысқа кіретіндер ары кеткенде 300 мыңсыз кіре алмайды одан кейін әр метод кезекте тұрады 8 марты,туған күні,мұғалімдер күні директор мен завуч оларға дұрыс қараса болды,тіпті 2 жыл жұмыс істей салып мен өсуім керек деп шығатындар бар өсіп қайда барады азар болса директор шығар директор пайдасы бар қызмет екен ғой кім білген жас кезімізде педагогика сатылмайтын пән басқа сатылсада деп түсіндіретін педагогикадан сабақ беретін марқұм Бақшилов,Қоянбаев,Несіпбаева ағайларымыз бен апайларымыз болып еді шіркін ай шын білімді сол кісілерден алдық қой 4 жыл платныйда оқып келіп мен директор болғым келеді дегеніне күйіп кетемін кешегі күні неге балалар урнаға тастай салған аттестатты көрсетіп жатыр барлық жерде мүмкін хайп шығар балаларға обал жасамайық үкімет көмекті аяп жатқан жоқ қой білімді,тәрбиелі,Қазақстанды көркейтетін жастарды дайындасын деп тұңғыш Президентіміз туралы да неше түрліні интернетке жазады соны жазатындар үлкен адамдар оларда балада қызда өсіріп жатыр ғой,ал біз ол кісінің есімін тарихта оқытамыз ғой басқаны жоғалтсақ та адам бойындағы кісілікті жоғалтпайық. Өмірге адам болып келіп адам боп кету керек,ал мұғалім де адам темір емес қой түсіну керек.

Манат

Дұоыс айтасыз мұғалімнің беделін кім көтереді ата-ана жақсы пікірлер айту керек,бірақ бәрібір (бірақ)деген сөз қалмайды. Ешкімнің көңілі толмайды ұстазға деген,өйткені мұғалім баламен жұмыс істегеннен гөрі уақытын күнделік кз. көп увқыт жұмсайды.

Ақжан

Балалар үйден қадағаланбайды, кеше өтілген тақырыпты бүгін сұрасаң білмейді. 10мин уақыт бөлсеңіз жетеді ғой күніге. Сосын шығады "балам оқымайды, мұғалімдері ештеңе үйретпейді" деп.Ата-ана да балаға жауапты ғой.

Айсұлу

Ата-аналар карантин кезінде ғана балаларына қарады сонда ғана баласының қаншалықты сауатсыз екенін білді,ертерек баласына үй тапсырмасына көмектессе мұндай болмас еді,енді келіп мұғалім туралы сөйлеп отыр,мұғалімнің еңбегі күшті әр бала үшін жанын беріп оқытады,ал үйде ата-ана қадағаламайды сауатсыз бала содан шығады,қайта мұғалімнің айлығын 2-3 есе көбейту керек.

Жанар

"Байдың асын байғұс қызғаныпты " деген мақал бар ғой қазақта.Әлі берілмеген,әлі қосылмаған ақшаны жыр қылып жатыр ма ата-аналар.

Жанар

"Байдың асын байқұс қызғаныпты" деген мақал бар ғой қазақта.Әлі берілмеген,әлі қосылмаған ақшаны жыр қылып айтып жатыр ма ата-аналар

Myrza

Өте керемет

Баха

Мұғалім болып шыдамдылық жинап көріңдер мектепке келіп көремін сонда өнерлеріңді.Еңбекақымызда жұмыстарың болмасын.Берсе мемлекет беріп жатыр.

Ләззәт

Жұмысына махаббатпен және жауапкершілікпен қараса мұғалім. Қолындағы окушының үй-іші жағдайына да қанық болса-- неге ақшасын көбейтпеске сол бағытта жұмыс жасаса.

Нұрлыбек

Ата ана мұғалімнен бұрын балаға жауапты екенін түсініп сезіну керек мұндай келеңсіз пікір айтпас бұрын. Жоқ деп айталмаймын бірақ өте аз балсаынан үйге не тапсырма берді деп сұрайтын атана. Бес саусақ бірдей емес əрине мұғалімдері де ақтап отырғаным жоқ, бірақ көпке топырақ шашудың керегі жоқ сауатсыз деп. Сондықтан орынсыз пікір айтудан аулақ болайық ағайын, сол ұстаздан барлығымыз тəлім тəрбие білім алып шықтық ойланайық. Бұл қиындықтан да аман есен өтерміз алла қаласа, келер күннен үміт күтіп ойымызды жақсы істерге бағыттайық, бір бірімізді бағалайық құрметтейік ағайын.

Аисауле

Оңбаған ата аналар жап жас болып өз балаларына сауат бере алмайды уиде оқыта алмайды тәрбиелеу алмайды өз баласына жаны ашымаиды атаңа нәлет.Өзің мұғалім болып көрші өзгенің дым блмитн баласын басынан бастап жаздырып уиретеді сені де бір устаз мұрныңнан сүиреп адам қылған жоқпа.Рахмет ұстаздарға каншама тер төгіп сауаттарн аша адам катарна косып бергеніне мың алғыс .еңбектері адал.каита 3-4есе көбеитк кекрек

Айымжан

Мен айтып отырмын ғой енді мұғалімнің жалақысы көтеріліп еді мұғалім келін іздейтін болды әсіресе сол ауылда өмір бойына қалады ғой қазір мектеп жаңа жалақы көп жас маман алатын жеңілдіктер бар үй дайын балаларға қандай білім беріліп жатыр кім тексеріп жатыр оны қазір естіп отырсыңдар ғой ақпарат құралдарынан Жамбыл облысында он бес жастағы бала кімнің қолынан қаза тапты өзімен қатар балалардың қолынан неге қатігез болып кетті ата ананыкі дұрыс олар мектепке сеніп алған мектеп баланы оқытады,тәрбие,тәртіпке үйретеді деп. Бала мектеп қабырғасында оқып жүріп те тоғызыншы сыныпты аяқтай салада бұзақылыққа ұрынып жатады.Бесіктен белі шықпай жатып.Тоғызыншы сыныпты біткен соң мектептен қуа бастайды 11 сыныпқа жібермейміз деп тест тапсыра алмайсың деп содан кейін балалардың ұнжырғасы түсіп шыға келеді. Қайдам осы директор мен завуч екеуіде жұпыны боп жүреді де бір-екі жылда қарындары шығып,үй сала бастайды,машина жиһаз киім таңдап естері ауып қалады. Өздерінше мұрындары тыжырынып кей мұғалімдерді менсініңкіремей кей мұғалімдерді іш тартып сырласып,мұңдасып шала бүлінеді де қалады.Негізінде бала оқып отырған сынып тыныштықта сабақта ешкім кедергі жасамайтындай мұғалімнің сабағын тыңдап отырса бала көп нәрсеге үйренеді. Салмақты тиянақты оқушылар қайдан шығады? Қиын оқушы қайдан шығады? Бәрі оқушымен ерегісіп қолын қалтасына салып алып сабағын жоспарсыз жетік білмейтін мұғалімдер жетеді.Ата-ананың кейде шырылдайтынындай бар оқушы есеп шығара алмаса, ағылшынды таза оқи алмаса, жаттауды жаттай алмаса,сабақты менің орныма бәленше өткізе тұрсыншы деп тастай салса,ерте келсе анасы сұрайды ғой кімдікі болды кімдікі болған жоқ немесе жиналыс болғанда барып айтуға тура келеді.Үкімет мұғалім жалақысын көбейтсе мұғалімнің отбасы бар асырау керек.Сол жетіп жатса.

Аружан

Мұғалімдердің ішінде де бес саусақ бірдей емес бар. Баламнан сұрамасам да айтып келеді есепті аяқ жағын шығара алмаса естімегенсіп өшіре салады жаңа келген апай дейді,тіпті бір күні медосмотрға барсам ағылшынның мұғалімі жас келіншек сабвғыма завуч кірді менің сабағымды ағылшынша түсінбейді мені күшті өткізіп жатыр деп ойлады мен 5 сыныптың тапсырмасын алдым да 9 сыныпқа өтірік өтірік өткіздім дейді.Күлесіңбё жылайсыңба осындай жағдай физика пәні мұғалімінен де естігенмін. Құрметті ұстаздар біздің міндетіміз алдымызда отырған оқушыға тәрбие,білім беру. Оның ата-анасы қарапайым ба.сот па үлкен қызметтеме керемет рестораны барма? ол ешкімге қызық емес.Біздің міндетіміз баланың дұрыс ақылды,білімді жасы үлкенді сыйлай білетін,кемсіту,өзін жоғары санайтын өркеуде оқушыны дайындау емес. Кейде мұғалімдердің ішіндеде сондай мысы басып тұратын ішкен жегенін,қонаққа барғанын, қандай байдың үйінде қонақта болғанын айтып шежіредей маңырап отыратындар бар сондай жағымсыз типтер. Директорда көпшілік мұғалімдер арасында кейбір мұғалімге комплимент айтса мысалы ата-енесін танимын жақсы адамдар десе бітті әлгі мұғалім дандайсып кетеді танымай қаласың сол сияқты ғой өмірден алынып отыр мұның бәрі осындайларды жазуға мәжбүр болып отырмын кей директорлар неге отырып алады осы кетпей орындарынан келген директорлар да жетісіп тұрған жоқ тура анау сияқты қай жерден жесем деп. Содан кейін осы тарификацияға неге мұғалімдер ақша жинай береді? Ол тарификацияға жинау міндетті ме? Білгім келеді.Ешкім естімесін деп қойып талай жинадық қой. Шіркін ай!

Жәнібек

"Ел болам десең бесігіңді түзе" деген, балаңа әріп ү.йретіп, қолына қалам ұстатып алғашқы білім беретін мұғалім мамандығын, жаныңа араша болатын медицина мамандарын көтерсе несі айып. Жүрген жоқ па мұнайшылар фамилиясын жаза алмайтын операторларына дейін 500000-700000 теңге айлық алып... еиий сорлы қазақ шибөрінің артынша шулайсыңдар

Ира

Неге ондай жаман пікірдесіздер мұғалімдер жайлі. 2 ай каратинде өз баламызды оқыта алмадыққой. Ал МҰҒАЛІМ 20-30 баланы оқытады. керек болса үй тапсырмасында орындатады. Ал ата-аналарше? 2 айда бір болатын ата-аналар жиналысына барадыма?

Аружан

Мұғалім-ұлы тұлға. Сол ұстазын сыйламайтын ата-анада,бала да бар.Мұғалім аздап жалақысы көтеріліп еді киімі де,тұрмысы да,балаларының жағдайы түзеліп қалды.Мұғалім мамандығына деген көзқаоаста,мұғалімге деген көзқараста өзгеріп келе жатыр.Жыртық тесікке күліпті дегендей Ой қойшы сол мұғалімді немесе и қойшы мұғалімге түс деп айтпа деп аңырайтындар ееді екінші мамандық ала салады да мектепке келе салады. Магистратура біте салады аяқ астынан. Көп. қой қазір кризис басталса. Мұғалім көбейеді. Қазір тексеру жоқ. Мектеп тарапынан тексеру өз қолдарында. Жақсы еместі жақсы жаманды да жақсы десе де қолдарында. Жеке меншік мектеп болса қайдам. Қалтасынан төлеп жатқан сияқты жер жебіріңе жететін директорлар қөздері құрыса екен. Мен мектепті тазалаймын деп зейнетке жақын қалғаны бар үлкен мұғалімдерге күн бермейді. Сөйтіп өзі қалағандарды әкеліп мектептің белді мұғалімдері құсатып қояды. Медицина мамандарына мен бәрібір рахмет айтамын. Шынымен ақ адам жанының арашасы олар. Өзім қатты ауырғанда жанымды алып қалған соқыр ішек жарылып кеткенше жүре бергем.Сол дәрігерді іздеп барсам Жамбыл облысына ауысып кетті деді,ал мұнайшылардың жұмысы десек олардікі өте ауыр жұмыстары.айтқанға оңай. Қарағым Жәнібек өзің мұғалімсің ай деймін.андағы шибөрі құсап шуылдаған деген сөзің маған ұнамай жатыр. Шибөрі деген (гиены) емеспе. Айтпа олай гиены деген өте жаман аң. Оған теңеме. Мұғалімді ұстаз,ата-ана,ата-ене,психолог ретінде таны. Кейде кейбір мұғалімдер ата ана болсада менсінбей баласына сабақ беретін мұғалімдерді мұрындарын шүйіріп жүретіндері бар.Сондай кезде аузын жыртып жібергім кеп тұрады. Ой осыны ұлы тұлға демей-ақ қойдым деп. Лайық емес кейбір ұстаздар.

Нурсултан Назарбаев

Мен муғалімге кір келтірмеймин, озимдіде муғалім оқытды сондықтан уялыңдар муғалімге тіл тигизбеңдер қурметті қазақстандықтар

Нурсултан Назарбаев

Устаздарға мың алғыс Алла жар болсын

Лариса

Мұғалімдерге тіл тигізіп,солардың жалақысын аңдығанша,балаларыңа тәрбие беріп,оқытып жатқан ұстаздарының екінші жағына шығып,балаларын үйден қадағалап,үй тапсырмаларын орындатып алсын дегім келеді.Кейбір ата -аналар тіпті үй тапсырмаларына да қарамайды,оқулықтарын да реттеп,салып бере алмайды,кеше қалай келсе,бүгін солай келетін оқушылар аз емес,өзім мұғалім болып қызмет етем,осындай ата-аналар жиі кездеседі,және мұғалім топас деп айтатын да осындай ата-аналар

Айжан

Иа мүғалім деген ұлы тұлға бірақ бәрі бірдей емес.Біздің мектепте қазақ тілін оқытуды білмейтін апайлар бар.Дипломды сатып алған шығар мүмкін. Оқушы бала біліп мұғалімге дұрысын айтқанда басқа мүғалімдер баланың жауабын дұрыс емес деп тапқан.Содан кейін балалардың мұғалімге деген сенімі жоғалды.Аттестациялау да ақшамен өтеді.жалақыны көтерер кезде ескеретін жайт Түркістан обл. Жетысай ауданы . Мақталы ауылы Чехов орта мектебі

Жаңыл

Бұл жерде мұғалімге тіл тигізіп, жатқан адамды байқап отырғанды байқап отырған жоқпын,әркім өз пікірін солай жеткізіп жатыр. Қателеспеңіздер. Ата-анаға да тіл тигізбеңіздер.

Жаңыл

Айжан сіз өте дұрыс айтып отырсыз мен сіздің пікіріңізгн қосыламын еліміздің өсіп өркендеуіне осы парақорлық,жемқорлық,жекжат-жұраттық әбден тамырға балта шапты ұлттық құндылықтарымыз қайда жоғалып бара жатыр мен мемлектіміздің жасап жатқандарына өқпелеп жатқан жоқпын мұнда адамдардың пиғылы құрып бара жатыр болған үстіне бола түссем деп. Не керек қу дүние алдымыздағы бала шағамыздың дені сау боп солардың жаманшылығын көрмесек екен не керек тамағымыз тоқ, жылы үйіміз болса бұдан да жоқшылықта қуырған бидай тапсаң жейсің таппасаң ол да жоқ ата-аналарымыз не көрмеді солардың бәрі сеніммен өмір сүрді. Қазір не қолы босаған жастар қолы босаса бітті арақ ішу,темекі шегу бос жүріс. Мемлекет беріп жатыр жақсы өмір сүрсін. Мен бәрінен де ауылды жерлерде салынған мектеп пен газға ырзамын. Ата-ана деген де бос сөзге үйір мұгалімнің алдын көргендер ғой ауыздарынан ақ ит кіріп көк ит шықпай сыйлау керек ұстазды.

Жаңыл

Айтпасыма болмады ау мұғалімдердің ішінде ғой сауатты қазақ тілін жетік меңгерген мұғалім көрмедім менде 40 минут сабақ берер күніне аптасына қазақ тілін 3 сағат дейік 1 ай бұрын сабақ сұоаған сымақ күнделік бос сабақ сұралмаған мына төртті қалай алдың десем бір сұраққа жауап бердім орнымда отырып соған қойған деді балам одан бері ай өтті сұралмаған не жаздың көрейінші десем дәптерде дым жоқ не істедіңдер сонда десем апайымыз жоқ болды бір күні ана әкпей бір күні тағы бір әкпей олар тапсырма берген жоқ сонда егер мен тексермесем жүре береді,ал математика,физика сияқты пәндерді айтпай ақ қояйын жанталасып өте ауыр есепті шығардық математикадан соны 1 ай артынан жүріп тексерткіздім мұғалімнің артынан.Жалақы көбейгені мұғалімдерге дұрыс жағдайын түзесін деп ұстаз деген атқа лайық болсын дегені ұстаздың артынан жақсы сөз қалсын дейді ғой қыркүйек бастала салысымен кейбір директорлар мұғалімнің біресе сыныбын,біресе сағаттарын тартып алып басқаға бере салады мектепте жүріп нем жақпай қалды екен деп уайымдап жүресің осы шынын айтсам бар ғой кім көрінгенді директор қоя салады педагогика,психологиядан жұрдай қалтасын ойлағандарды. Қайдан шығып жатыр тәртіпсіздіктер. Балаларға жаным ашиды бірінші сыныптан 6 сыныпқа дейін көздері жәудіреп айтқаныңды істеп апайлап жүрген балалар неге үлкен сыныпқа барғанда психологиясы өзгере бастайды. Баланы жақсы көру керек.Алаламау керек. Өз балам мен сұрамасам да айтып келеді бәрін. Апайдан есептің аяғы бітпей қалды ғой десек үйден өздерің шығарып келіңдер,физикадан,химиядан барлық пән сол үйден оқып келіңдер ол қайдан оқып келеді егер оған түсіндірмесе жалпы білім сапасы төмен мектептің директорларын босату керек. Жалпы биыл директорлардың бәрін орнын ауыстыру керек бір жерде табандап отырып алады былтырғы результат биыл сәл көтерілсе болды қайтадан қонжиып отырады май шелпекке бастарын тығып алады қай жерде замен бар,сыныптардың жетекшілері курсқа кетеді,ауырып қалады түгел өздерінің іштерінде бар адамдары олар кімдер жақындары фамилиясы бөлек демесең бір династи түгел мектепке қіріп влған,елдері бір,ысты ма?сиқым ба? өздері біледі айтып отырмын ғой қазіргі директорларға білім сапасы емес қалтасы больше беспокоит. Менің бір сөзім де өтірік емес. Мен әсіресе директордың азанда бірінші сабаққа норковый шубамен сабақ жоспарын тексеруге кіргенін естігенде шошығанмын.

Жаңыл

Мұғалімдердің ішінде өз пәнін жете білмейтіндер бар.Ол ақиқат. Тестке барғанда өз біліміне сеніңкіремей қойны қонышын толтырып алады сонымен ұсталып қалып шығып кетіп жатады.Осы биыл ғана шығар тест 100пайыз демей ақ қояйын 70 пайыз кішкене әділ өтті. Сабаққа қатысқан директор мен завуч тек сабақ құрылымын ғана айтады оқушы түсініп отырма жоқпа оған қарамайды.Оқушы қайдан сабақ түсінеді егер мұғалім өзі сауатсыз болса.Мен білемін бір мұғалімді зейнетке шықсада 10 жыл болды бастауыштың мұғалімі оны директорға кіріп ата-аналар өздері сұрап алады. Тек былтыр балалары рұксат бермей қойды. Балалардың дәптерлерінің тазалығы,сабақта отырып жұмысқа ынталылығы,жауапкершілікпен қараулары,тазалығы майда сыныптар үшін үлкен. жауапкершілік. Соның бәріне үлгереді. Баласы үшін үйдегі ата-аналар қатты уайымдамайды. Мұғалім үшін көп іздену керек. Одан кейін баламен ерегісетіндер бар. Ол да балаға қатты әсер етеді.Одан кейін көп сұранатын мұғалімдер бар.Ана той,мына той кете береді директор орныңа адам тапта бар дейді орнында сабақ берген мұғалім немқұрайды отырады немесе бір мұғалім 3 сыныптың арасында жүгіріп жүр бәрі больничныйда деп не қатырып сабақ өтіледі ол жерде егер мұғалім коридорда зытып жүрсе қандай білім ол оқушылар шу-шу етіп отыр, немесе қазақ физик ауырып қалса орысқа беріп қояды,орыс физиқ ауыоып қалса орысша сөйлей алмайтын қазақ физикке беріп қояды. 27 сағатпен жүрген орыс сыныбының химигіне қазақ сыныбының химиясын беріп қояды,ол аптасына 54 сағатты қалай өткізеді тапсырма беріп қояды мұғалім жоқ кезде отырады оқушыға керегі де сол талап етіп отырған мұгалім жоқ ол замен жасаған мұғалімге не керек тапсырма береді де кетеді. Мынандай да оқиға болған жаңадан келген мұғалім қалаған кезінде оқушыларды таратып жібереді ешкімге айтпай кетіп қалыңдар деп немесе 1 ші сабағымды сен өткізе салшы.кешігіп жатырмын параллельно ала салшы, тіпті еркінсігені сондай мектептегі достарына тапсырып қоятын болды. Бір күні құлқиып өз сабағын қатырып өткізбейтін біреу отыр дос болсаң үй жағында бол жекжат болсаң үй жағыңда бол бұл мектеп деп айғай болған. Одан кейін баланың көзінше соткамен сөйлесіп отыра береді. Бала бәрін естіп отырады.Бұл жерде директор мен завучты кінәләй бермеу керек шындығында оларда уақытта жоқ, ал менің жазып отырған себебім білім қайдан болады бұзықсың, сабақ оқымайды оқымай келеді деп оқушының жәнін шығарамыз.Оқушы жаурап отыр дейтіндей кең жарық,жылы мектеп мұғалімге де ыңғайлы мектеп қалай жұмыс істеседе рахмет айтамын қайта осындай заманауи мектептер салынып оқушылар Мәңгілік Елдің патриоттары болатынына тек оқушыларға этика,мәдениеттілікті, заңсыйлау,қарт адамдарды сыйлай білуді үлкенге құрмет көрсетуді, әйел адамдарды аялай білуін көп өте көп үйрету керек. Сонда ғана жақсы оқушы жақсы ата-ана болып шығады.

Раушан

Ата+аналар барлық кінәні мұғалімнен іздейді, ал өздерінің баласы алдындағы жауапкершілігін қайда жасырып қояды, баласы сабаққа оқу құралынсыз,сабаққа дайындықсыз,мектеп формасынсыз келеді оған да мұғалімді кінәлай ма

Айжан

Ата-ананы оңбаған,атаңа нәлет деуге сенің қандай хақың бар а? Мұғалімсіңбе жөндеп жаз. Бұл жерде мұғалімді де,ата-ананы да ешкім жамандап жатқан жоқ,ақтап та жатқан жоқ. Бар екі жақтан да. Аузы зып-зып етіп сабақтан гөрі барған тойын кіммен жекжат болғанын кіммен дастархандас болғанын не киім кигенін қандай мебель алғанын үй салып алғанын әңгіме қылып отыратындар жетеді. Кез-келген адам мұғалім болсын басқа болсын өсек тергенше өсиет терсін.Артыңда мұраға қалатын мұрагерлеріңе алаңдамайсың. Сол өсиет сөздер мен ұрпағымыз. жақсы өмір сүреді. Барға қанағат,үнемшіл,еңбекқор болып өседі. Оның несіне шамданады мұғалімнің ақшасыз жұмысқа кіре алмайтыны бесенеден белгілі. Ол тіпті жаңалық емес қой. Жас маман болсада сол. Сағат бөлгенде де сол. Сағаты аз мұғалім неге жеткізерін білмейді. Одан кейін тамыз айында беретінін беріп сағатың мұрты бұзылмай алып отыратындар бар. Одан кейін бөлінген сағаттар өзім деген мұғалімдерге жазып қояды. Депутат па басқама ешкімге қызық емес депутат болып не істеп жатыр осы директорлар босатсын орындарын. Қонжиып отырып алады онсызда таңертеңнен кешке дейін жүрген мұғалімдер зықысы шығып не сағатқа жарымайды оның бәрі басымыздан өткен осы министрлер орнында отырып алады да бүкіл Қазақстанды басқарып отырады да мектептің ішкі жагдайын тексеретін арнайы комиссия ашып қоймайма бәрі бір-бірімен сыбайлас,өйткені таныс, жекжат. Ол үшін түп-тамырымен өзгертұ керек.Қасқырға қой бақтырмай. Көзіміз бәрін көріп отырады директорға замечания айтсаң. бүкіл коллективті қарсы қойып қояды. Тіпті ата-ананы да,оқушыны да немесе сен мектепте жұмыс істейтін адам сияқты емессің елемейді,сөйлеспейді,адам демейді.Лаж жоқ жүресің кете алмайсың қайда барасың. Үйіңді сата алмайсың. Ол өтпейді.проблема жетеді.

Айжан

Әсіресе мынау фронтальная проверка деген кездері көргенбіз небір қойылымдарды біз қонақтарға дастархан жасауымыз керек қаншама ақша жинадық тексерушілерді көрсеңіз(сахналық қойылым)настоящий бақылау мен басқарудан келген тексерушілердің сұстанып кеткен түрлері зірк-зірк анау қайда,мынау қайда ҰБТ папкасы қайда қандай жұмыс ата-анамен мониторинг кайда, қатемен жұмыс қайда? кетті дейсіз тексеру оларға командировочный төленеді сонда да бәленбай ет алуымыз керек дастарханға ответственный бәлен мұғалімдер ыдысқа сен жауап бересің базарға сен барасың енді жетеді айта берсем қай сыныпқа барсаң бос отырады ол жаққа коммиссияны жібермейді енді қараңыз коридорда тұрған мұғалім айтқан сөзі келген комиссия курстасым екен,біреуі айтады екеуміз бір ел боп шықтық, біреуге табыстап жіберіпті,ақша жинадық қой не бопты жаиандамайтын шығар деп қояды.Сол келген комиссиялар біз сияқты жай мұғалімдер олар.Шаш ал десе басыңды алатындай болып келгендер. Нағыз кәдімгі сахналық қойылым.Оқушыдан қандай білім сұраймыз бұл ащы шындық қазір де жаңартылған білімде оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне,ізденуіне өте ыңғайлы тек оқушыны үйрету керек тез-тез көшіре салып өткізе салуға асығады. Асықпай ойланып жұмыс істеуге үйрету керек. Қазір шүкір ондай тексерулер жөн-жосықсыз қағаздар аздап тоқтады үлкен рахмет министрлерге жүйеге қойылып келеді тек мұғалімдер жалақысы ғана емес мектептің ішінде де балаларға компьютер.спорт залдар, іші жылы кең кабинеттер,асхана,дәретхана бұдан артық қандай бақыт керек, тек әлі бар ғой балаларға өте психологиялық жұмыстар керек.Психология демекші психологтардың жұмыстарын көп тексеру керек,өйткені тендермен ұтып алғандар небір сұрақтарды дайындайды.Ол оқушыға қажет емес кейде. Оны психолог ауданнан берді ғой деп бір кітаптары бар соған қарап бірдкңе өткізген сымақ болады.Мен ойлаймын оқушыны тестке,сабаққа дайындалу үшін жағдай эасап қой тыныштық.график күн тәртібі бала соған қатты бағынады. Рухани бай әдеби кітаптар балаиен үлкен адамдарша сөйлесу,тапсырмалар беру үй тірлігінде білмегенін үйрету,әкенің рөлін арттыру. Ал қазір заман түзелді қатты жоқшылықты ешкім әлі сезіне қойған жоқ.Педагогиканы құрметтеуіміз керек.Педагогика сатылмайды.Мұғалім мамандығын таңдадыңба нанын жеп жатырсыңба оқушыны жақсы тәрбиелейік. Біздің жетістігіміз сол.

Жаңыл

Биыл карантин деп созбаға салмай бірнеше рет барып жүріп тестті әрең тапсырып келген директорлар бар. Ол жерде тапсыратыны заңнама және педагогика бар шығар психология. Содан тапсыра алмай 4 рет барған директорлар бар солар орындарын ауыстыра ма түсеме босатсын. Рейтингті көтереміз деп бүкіл мектептің 3 деген жоқ бәрі бес пен төрт сабақ сұрасаң түк білмейді. Өз қазағымыздың қазақ тілі,әдебиет сияқты сабақтарды бастауыш сыныптары таза меңгермеген.Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сағаты өте көп,ал селеметсізбе дегеннен басқа дым білмейді.Әсіресе күрд,түрік балалары қазақ сыныбында емес орыс сыныптарында оқиды. 30 жыл болған шығар оқытып жатқанына. Дым білмейді. Оны көбейтудің қажеті қанша. Қазақ сыныптарында қазақша оқытып жүріпондай жалақы алмаймыз.Басқа ұлттарды қазақша,ағылшынша оқытуға сонша жалақы төлейді. Біз қазақ сыныптары не кінәміз бар. Басқа ұлттар тіл үйреніп не тындырып жатыр үйренбейді үйренуге тырыспайды да көзіміз күнде көріп жүр ғой.

Галия

Сәлеметсіздер! Бұл жерде мұғалімді кіналудың қажеті жоқ. Мұғалім барын салып оқытып жатыр. Қазір сауатсыз мұғалімді жұмысында сақтап отырмайды. Ондай болған жағдайда ол мұғаліммен жақсылып жұмыс жасайды. Қазір бақталастық көп. Жұмыс жасай алмайсың ба, орныңды босат дейді. Ал ондай жағдай болғанда, әрине мұғалім талпынады. Ата аналар өздерінен көрсін. Қолдарына сотка алып, инстаграмда отыра бермей. Балаларын бір мезгіл қадағалап тұру керек. Осы мұғалімді жамандағандардың бәрін 30 балаға сабақ бергізіп қою керек. Косымша қағаз бастысы бар....

Жаңыл

Бірнәрсе айтылса мұғалімді жаиандвма деп шығасыңдар мұғалімді жаиандап жатқан ешкім жоқ байқап отырсыңба мұғалімнің тең жартысының балалары мектепте оқиды олар да инстаграммда отырады не сен данагөйсіп тұрсың мен де ата анамын. Мұғалімдер ішінде сауатсыз жазатын тақырыпты жете білмейтін оқушыға жеткізе алмайтын пәнаралық байланысты білмейтін мұғалім толып жатыр.Мысалы. жаратылыстану пәнінен сырттай оқыған жас бала Буэнос Айрес Сан Франциско . Пуэрто Рика туралы оқушыларға айта алмақ түгілі тілі келмей қалған. Сен неге маған ондай сұрақ қойдың деп балаға қоқаң қоқан еткен. Мұғалім сабақта неі қолын қалтасына салып шікіреййп тұрама? Бас аяғы жоқ бүгін мынаны өтеміз осыны істеңлер не істеймйз не түсіндірмеген тапсырма беріп қойып сотканы алып қоңырау болғанша отырған. Осындай түйсіксіз мұғалім де жүр ғой күнде балалардың обалына қалып. Содан кейін мына тәрбие завучынан бастап директорға дейін 9 сағаттары бар бірде біреуі өтілмейді. Ол. ма одан кейін ақша беріп кірген мүғалімдерді жиналыс сайын мақтай береді мақтай береді. Нағыз сахналық қойылым. Бар кейбір мұғалімдер. әділетті жұмысты жақсы көреді, бірақ қудалауға түсіп кетеді. Ротация болады дейді ай қайдам май шелпекке мұрнын тығып алғандар босата қойиас.Әсіресе мынау депутат директорлар ма ещё Адалдық сабағын алып алады ғой неге депутат директорлар он жылдап отырып алады.олар не істеп жатыр соншама ата бабасы сол мектепті мұраға тастап кетті ме?содан кейін мектептегі психологтардың жұмысы құрысын өтірік жұмыс қой түк балалармен эұмыс істемейді мектептен кеткен балалар пышақтасады да жатады кім кіналы мектеп психологы. Дым жұмыс істемейді. Істей алмайды. Жұмысты істейтін педагог 5 жыл оқып келген педагог жұмысты біледі.Сырттай оқып немесе таныс. арқылы мектепке тұра салған адам келе салып құқық завучы болып кетеді.Түк мектепте жұмыс істемеген адам құқық завучы. Ойлаңыздаршы. Еңбек кітапшасында ол адам жай қарапайым жұмысшы болған. Ал ауыл болса көп ұлтты.ауыл.

Жанна

Мектеп психологтарының ешқандай нормальный жұмыстарын көрген емеспін. Психолог ол үйдегі ата-ана мен ұстаз. Психолог не істейді түсінбеймін мыңқиып бір кабинетке кіріп алады да сөйлесіп отырған сымақ болады. Одан кейін директорға кіреді,одан кейін қағаз жазады болды.Бала келесі жолы тағы сол әдетін қайталайды. Пән мұғалімдері жағаласып жатады оқушымен. Әйтеуір мектептен тыныш кетсе екен деп оқымасаң құры деп әупірімдеп құтылады. Одан кеткеннен кейін қылмыстың түр-түріне ұрынады. Мектептен не алды ол сонда. Білім бе,тәрбие ме не үйренді?айтыңыздаршы мұғалімдердің жалақысын көбейте бергеннен өзгере қоймайды төмен отбасы.көпбалалы отбасы,толық емес отбасы дей бергеннен кейін балалар төмен қарап ұялады. Соқыр көргенінен жазбайды деп кішкене бір дәулеті бар,ауыл арасында многоуважаемый сыйлы бір отбасы болса сол жанұяның балаларын мектеп кіре берісіне іліп қояды немесе қоңырау соқтырып басқа балалардың ұнжырғасы түсіп тұрады. Сонда психолог жүгіріп келіп не дейді? Бірдеңе дейме? Бірнеше ата-ана психолог қазір сіздермен бір ойын жүргізеді деп еді шығып кетті. Сабақта рас айтады директор, завучтар 9 сағат алып алады да өмірі сабақ өткізбейді. Оқушылар бос отырады,өйткені соған үйреніп кеткен қуанады. Ауылды жерде сондай.Ауылдағы мұғалімдер кешке қараңғы болғанда ерте жібере салады ерте кете беріңдер ешкімге айтпаңдар деп қояды да. Ең соңғы сабаққа факультативтерді қойып қояды.

Дидар

Иә директорды тек тарих пәнінен ғана беретіндерді сайлап қояды ол одақ кезінде болатын қазір де сол қажет емес өйткені ол физика,математиканың,химияның т.б пәндердің қалай беріліп жатқанын түсінбейді. Тек мұғалімнің былай істеді бүйтті сүйтті деп қолданды ананы мынаны дейді артық ештеңе жаза алмайды артқы жақтағы оқушылар мүлдем қатыспайды отыра береді мұғалім бүкіл сыныпты. алып кете алмайды. Сондықтан мектепте директорды қойған кезде физик,химиктерді қою керек кейінгі жылдары деп ойлаймын.

Айымжан

Бұл жерде ешкім ештеңені жасырмау керек.Кетіп жатқан қателіктердің алдын алу..Бар ғой жоқ емес директор.,завуч.мұғалім ,оқушы,ата-ана тарапынан кеткен қателіктерді түзеу.Баяғы құлдық психологияны лақтыру керек.Мен директор мен завучқа жақсам деген.Рота,рота,дивизия боп директордың кабинетінің алдына пакеттеріңді ұстап тұрмай балаларды оқытып дұрыс білім дұрыс тәрбие берейік.

Көркем

Мұғалім дейміз -ау... Ал өзіміз ше?!
Бар пəле осы технология мен өзімізден келіп жатыр. Бұрын кітап оқып ізденіс үстінде жүретін едік. Қазіргі балалар телефон мен компьютерден бас көтермейді. Оған қой дейтін ата-ана жоқ. Керісінше ойбай менің екі жасар балам телефонның құлағында ойлайды деп мақтанып отырады. Ал біліміне қарап жатқан ата-ана жоқ. Білімі төмен болса да, үй тапсырмасын орындамаса да , тəртібі нашар болса да баяғы сорлы мұғалім кінəлі. Бұрын өзіміз түгіл ата -аналарымыз да мұғалімді жаманда мақоштай түгілі алдын кесіп өтпеген еді. Тіпті мұғалімнің алдында басын иіс тұратын еді. Шіркін сол кездегі ата-аналарымыз Дана кісілер екен ғой, шіркін. .. қазіргі сайрап отырған ата-аналар да сол ұстаздың шəкірті емес пе? ! Бұл не сұмдық мұғалімнің үстіне мініп алғандары? Қазақта өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығар деген осы шығар. Масқара. .. одан да бір мезгіл балаңа қарап мұғалім үшін емес балаң үшін мұғалімнен ұят болды-ау деп ұялсаңдар етті. Ертең өз балаң , өз ұрпағына мұғалім болмысына кім кепіл?????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар