Өлең, жыр, ақындар

Карантин: Компьютері мен интернеті жоқ студенттер қашықтан қалай оқиды

Алматы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова интернеті мен компьютері жоқ студенттер қашықтан қалай оқитынын түсіндірді.

«Бізде 8 колледждің 108 студентінде смартфон жоқ. Студенттер қашықтан оқуға жіберілер кезде оқытушылар оларға арнайы материалдар таратқан. Олар «Қазпошта» арқылы және басқа да жолдармен ұстаздармен байланыста отыр», — деді ол.

Г.Айтқұлованың айтуынша, педагогтар білім беруді үйлерінен жүргізіп отыр.

«Менің ойымша, барлық оқытушыда ноутбук пен смартфон бар. Қазір білім басқармасы оқытушылардың қолындағы техника санын бақылауға алды», — деді басқарма басшысының орынбасары.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавируске шалдыққан 35 адам анықталды. Оның ішінде 17 жағдай — Алматыда, 18 факті — Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар