Өлең, жыр, ақындар

Қыз сыры

  • Bain
  • 26.04.2015
  • 1
  • 2
  • 77286
Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.
Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым,
Қиылып ем қымсынып.
Әлдеқалай бір қарадың,
Мен отырған қыратқа,
Ат суардың жылғадағы
Жылтыраған суатқа.
Жасылменен бояғандай,
Көркем бояу жан-жақты.
Таңғы ұйқыдан ояна алмай,
Талықсыған тау жатты.
Тау суреті жанарымда,
Тамашалап, көп тұрдым.
Және де бір қарадың да,
Сен әріге бет бұрдың.
Жауқазындай ашылмаған,
Ашылмаған едім мен.
Бәрі өтті ғой...жасырма, аға,
Шошытайын дедің бе?
Дедің бе, әлде демедің бе?!
Мүмкін, назар салмадың.
...Енді қайтып көремін бе?!
Ең алғашқы арманым.
Арманымды білмедің ғой,
Білмедің ғой, момын жан.
Бірге едім ғой, білмедің ғой,
He келеді қолымнан?..
Қарай алмай ел бетіне,
Сенен ғана сыр бағып,
Қарапайым келбетіңе,
Қараушы едім ұрланып.
Солай, солай күн кешкен ем,
Сені сақтап санама.
Кездеспеген, тілдеспеген,
Хош, аман бол, жан-аға!



Пікірлер (2)

Акжол

Мұқағали Мақатаев сіздің өлеңініз өте ЖАҚСЫ ірі күшті

Мейіржан

Шеше

Пікір қалдырыңыз

Суық күз сұрғылт...

  • 1
  • 5

Суық күз сұрғылт,
Сұрланып аспан,-күн жауған.
Күн жауған шақта қайтатын едік қьірманнан.
Көтеріп алып,

Толық

Фаризаға

  • 5
  • 52

Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Толық

Сен менің

  • 1
  • 5

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта меңі,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін!

Толық

Қарап көріңіз