Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (184) Өлеңдер (98) Жоспарлар (16) Мақал-мәтелдер (16) Ұлағатты сөздер (61)

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, оқушы, сүйіспеншілік Лев Толстой

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.

Ілмектер: ұстаз, ұстаз туралы нақыл сөздер Адольф Дистервег

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм Дени Дидро

Кітапты мөлшерлеп оқып, өлшеммен үйреніңдер, көбірек толғаныңыздар —ұстаздардан да, кітаптардан да қажеттісі деп қалағандарыңды ала біліңдер.

Ілмектер: кітап, ұстаз, нақыл, афоризм Лев Толстой

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де ,шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол - кемел ұстаз.

Ілмектер: мұғалім, ұстаз, әке, шеше, кітап, шәкірт Лев Толстой

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Лев Толстой

Адамды бәрі де тәрбиелейді: адамдар, заттар, құбылыстар, бірақ ең алдымен ол — адамдар. Бірінші кезекте — ата-аналар мен педагогтар.

Ілмектер: тәрбие, ата-ана, педагог, ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Макаренко

Құран түсінсең кешпейсің баз. Тағдыр — тәрбие, Алла — ұстаз.

Ілмектер: құран, тағдыр, Алла, Тәрбие, ұстаз Нарша Булгакбаев

Өзіне кезінде көмектескендерді ұмытатын алтау:
— оқушы — ұстазын;
— үйленген бала — шешесін;
— айрылған еркек — әйелін;
— мансапқа жеткен — көмекшісін;
— ауру — дәрігерін;
— адасқан — құтқарушысын.

Ілмектер: ауру, дәрігер, оқушы, ұстаз, ана, әйел, мансап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, көмек, ұмыту Үнді даналығы

Қатемді көрсеткен кісі — ұстазым,
Дұрысымды көрсеткен кісі — досым,
Орынсыз мақтаған кісі — жауым.

Ілмектер: қате, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз, дос, мақтау, жау, Сұн зы Сұн зы

Оригинал бол, өзің бол — бұл бір ақылдысымақтың ахинеясы. Дичьпен басты қатырмай даналық ізде деп айтқан еді ұстазым, өмірде бәрі галиматья деп. Дінді бұзатын ересь деп. Тағы не айтып еді… Ааа… Ақиқатсыз адамның өмірі нонсенс.

Ілмектер: Оригинал, ақыл, ақылды, дана, даналық, ұстаз, дін, ақиқат, адам, туралы Нарша Булгакбаев

«Мен не істесем — сен де соны істе» дегеннен біз ештеңе де үйрене алмаймыз. Біздің бірден-бір ұстаздарымыз — «менімен бірге осылай істеңдер» дейтіндер.

Ілмектер: ұстаз, үйрену Жиль Делез

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.

Ілмектер: бала, еңбек, ұстаз Абай Құнанбайұлы

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,
Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу — мінездің күн шуағы
Ұстаз болу — адамның асылдығы.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, нақыл, афоризм Ғафу Қайырбеков

Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Ілмектер: ұстаз, ұстаз, Өмір Александр Македонский

Құран түсінсең кешпейсің баз, тағдыр — тәрбие, ғылым — ұстаз, осы үшеуін танып болсаң, арын таза сақтайтұғын,
Құдайға тартқан, боласың мұнтаз.

Ілмектер: Құран, тағдыр, Алла, ұстаз, құдай, ғылым, тәрбие, ар, тазалық Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Өмір — тіршілікте кездесуі мүмкін ұстаз біткеннің ең сорақысы.

Ілмектер: өмір, тіршілік, ұстаз Альфред Адлер