Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (144) Өлеңдер (79) Жоспарлар (29) Мақал-мәтелдер (353) Ұлағатты сөздер (217)

Сөз тілінде өтірік айтушы адам — онысын, оған өзі мəн бермесе де, ишарат тілінде де сездіріп қояды.

Ілмектер: сөз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өтірік Освальд Шпенглер

Басқа мəдениет құбылыстары — басқа тілде сөйлейді.

Ілмектер: мəдениет, құбылыс, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Тілден де тыс бірдеңе бардай көрінетін бірдеңе бар екені анық: бəрі қалай айтуға байланысты.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Өз тілінде сөйлеу — тəржімə талап ету деген сөз.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жак Деррида

Əдеби дəстүрдің тілдің өзімен таласып, оның сыртынан да бірдеңе тауып алғысы келгенінде тұрған ештеңе де жоқ.

Ілмектер: әдебиет, дәстүр, тіл, талас Жак Деррида

Тілге бұйырған тағдырдың өзі — тəннен бөлініп шығу.

Ілмектер: тіл, тағдыр, тән Жак Деррида

Тіл — ұзақ-сонар қызыл-жасыл метафорасыз күн көре алмайды.

Ілмектер: тіл, метафора, күн Жак Деррида

Адам баласының тіршілігі тілмен тығыз байланысты.

Ілмектер: адам, бала, тіл, тіршілік Жорж Батай

Кімнің сөйлеп тұрғаны тілдің қандай мүмкіндіктері бар дегеннен кем маңызды мəселе емес.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Бір мезгілде əрі өзі шекара белгілеу, əрі өзі оны бұзып өту — тек тілге ғана бұйырған.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…

Ілмектер: ана тілі, тіл, қазына, ұрпақ Жүсіпбек Аймауытов

Тіл — не түгел беріледі, не мүлдем болмайды.

Ілмектер: тіл Жиль Делез

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ілмектер: тіл, ана тілі Сұлтанмахмұт Торайғыров

Балалардың сөйлеуі ғылыми құндылыққа ие болуы мен қатар өзінің әдеміліктерімен ерекшеленеді, өйткені оны зерттей отырып, біз балалар ойлауының таңғажайып заңдылықтарын ашамыз.

Ілмектер: бала, тіл, ғылым, құндылық, бала тілі, ойлау, заңдылық, зерттеу Корней Чуковский