Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (43) Өлеңдер (11) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (91)

Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.

Ілмектер: мақсат Дени Дидро

Бағындыруға тұрарлық кез келген мақсат тәуекелден тұрады.

Ілмектер: мақсат, тәуекел Дин Карназес

Қоғам неғұрлым танылған сайын, тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап, оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады. Мектеп - осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал».

Ілмектер: қоғам, болашақ, дәстүр, ұрпақ, мектеп, мақсат, нақыл, афоризм Джон Дьюи

Егер сіздің жалғыз мақсатыңыз - бай болу болса, онда сіз оған ешқашан жетпейсіз.

Ілмектер: мақсат, бай Джон Дэвисон Рокфеллер

Мақсатты анықтау үшін жағдайларға, болып жатқан жайларды зерттеуге, яғни орын алған мүмкіншіліктері мен қиындықтарын зерттеуге сүйену қажет.

Ілмектер: мақсат Джон Дьюи

Егер бай болу сіздің жалғыз мақсатыңыз болса, онда ол ешқашан орындалмайды.

Ілмектер: мақсат, бай, бай болу Джон Дэвисон Рокфеллер

Талпынатын арман-мақсатыңыз бекер, егер де ниет – Ізгі, Әділ, Адал, болмаса. Сіз нені қаласаңыз, соның салдарын көресіз. Сондықтан болымсыз бір нәрсені қалап, артынан өкінгеннен гөрі, екеуін де жасамай-ақ қойған дұрыс, тым көп энергия жоғалтасыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, арман, мақсат, ниет, ізгілік, әділдік, адал, қалау, өкіну, өкініш, энергия Нарша Булгакбаев

Егер сіз өзіңізге не қажет екенін білсеңіз және сол нәрсені қатты қаласаңыз, сіз оған жетудің жолын міндетті түрде табасыз.

Ілмектер: жетістік, мақсат, жол, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джим Рон

Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды.

Ілмектер: Ұйымшылдық, міндет, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерік-жігер Бауыржан Момышұлы

Ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Ілмектер: Ерік, қозғаушы күш, мақсат, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жетер жерін анықтамаған кісіге жел қай жақтан соқса да бағыттас бола алмайды.

Ілмектер: мақсат, жел, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека

Соғыстың нақты мақсаты — бейбітшілік.

Ілмектер: соғыс, мақсат, бейбітшілік Сұн Зы

Ең биік мақсат — өз-өзіңді дұрыстап тәрбиелеп, қоғамға пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: мақсат, тәрбие, қоғам, адам, туралы Нарша Булгакбаев

«Адамзат» дегенде ешқандай мақсат, ешқандай идея, ешқандай жоспар жоқ: көбелектер мен орхидея гүлінде мақсат жоғы тəрізді. «Адамзат» деген — бос сөз.

Ілмектер: мақсат, идея, жоспар, нақыл, афоризм, адамзат, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Іс адамы дегеніміз — мақсаткер адам, ал ой адамының əрбір мүшесі тəн дегенді көзге де ілмей, тіпті оған қарама-қарсы өзінше əрекет жасауға ұмтылады.

Ілмектер: мақсат, іс адамы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əлдебір мақсаттан — ақымақтықпен немесе терең ойламағандықтан ғана одан гөрі тəуірлеу мақсат таппай тұрып, бас тартуға болады.

Ілмектер: мақсат, ақымақтық, бас тарту Жорж Батай

Мақсатты дүние əлемінде өмір болса — ол міндетті түрде одан бұрын шексіз өмір алды кеңістік болғандығының дəлелі. Ең қарапайым протоплазманың өзі — аса күрделі құрылымды зат.

Ілмектер: мақсат, әлем, өмір Пьер Тейяр де Шарден

Арман – бос қиял, мақсат – бос ерік-жігер, ең жақсысы – бүгін күнің кешегі күнмен салыстырғанда одан әрі дамуың. Кейін өзгені кінәламау үшін (тағдырды, Алланы, өмірді), арман-мақсаттар адам сенерлік, өмірде жүзеге асыра алатындай болуы керек.

Ілмектер: Арман, мақсат, қиял, ерік, жігер, жақсы, бүгін, кеше, даму, Кінәлау, тағдыр, Алла, өмір, сенім Narsha Bulgakbaev

Тәжірибенің мақсаты — қанағаттану.

Ілмектер: Тәжірибе, мақсат, қанағаттану Жиль Делез

Ең биік мақсат – өзіңді дұрыс тәрбиелеп, қоғамға қажет, пайдалы адам қылып шығару.

Ілмектер: Мақсат, тәрбие, қоғам, пайдалы, адам, қажет Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев