Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (34) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (23) Ұлағатты сөздер (90) Әзіл, анекдоттар (7)

Біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз бала кезімізден бергі арман-мақсаттарымызды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз. Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адал, бала, арман, мақсат, Қиял, Құрбан, жұмыс, шаруа, Ақталу, сылтау Нарша Булгакбаев

Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұ күндері қыңқ деместен әйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй тіршілігін істейді, бала өсіреді, кәрі ата, енелерін күтеді.

Ілмектер: еркек, әйел, үй, жұмыс, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев

Мектептер сенімді жұмысшыларды дайындайды, жұмыс берушілерді емес.

Ілмектер: мектеп, жұмысшы, жұмыс Роберт Кийосаки

Нәпақа табам деп, өмір сүруді ұмытып кетпе

Ілмектер: өмір, жұмыс, нәпақа интернет

Жақсы өмір сүру дегеніміз — жақсы жұмыс істеу.

Ілмектер: жұмыс, өмір Николай Лобачевский

Өміріңіз тым қызықсыз болып көрінсе, жаныңызға жақын жұмыс тауып алып, өміріңізді соған арнаңыз. Сонда алыс болып көрініп жүрген бақытыңызды табасыз.

Ілмектер: бақыт, өмір, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Егер сіз миллион доллардың иесі болсаңыз, онда бұл сіздің өмір салтыңызды өзгертеді. Өзгелер сізге жағыну үшін өрескел өтірік айтады. Бірақ маған олай ұнамайды. Қарапайым өмір сүрсем деймін. Сол үшін де, мен күн сайын және демалыс күндері жұмыс істеймін, бірнеше жылдан бері демалысқа шыққан емеспін.

Ілмектер: миллион, өмір, өтірік, демалыс, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск

Өмір үшін істесең де, өлім үшін істесең де, жұмысыңды тиянақты істе.

Ілмектер: өмір, өлім, тиянақтылық, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Әкем маған жұмысты сүюді емес, жұмыс істеуді үйретті.

Ілмектер: әке, жұмыс, сүю Авраам Линкольн

Кемені суға жіберу — бір жұмыс. Ал оны жүздіру — мүлдем басқа жұмыс.

Ілмектер: жұмыс Адель Маркус

Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жұмыс, қызықтыру Генри Форд

Мен трюк жасай алмайтын күнім — менің соңғы жұмыс күнім болады.

Ілмектер: жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джеки Чан

Адамдар жұмыста өздерiн бақытты сезiну үшiн үш шарт орындалуы қажет: жұмыс олардың шамасы келетiндей болуы тиiс, ол титықтамайтындай болуы керек және оған мiндеттi түрде табыс серiк болуы шарт.

Ілмектер: шарт, жұмыс, табыс, бақыт, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Жұмыс адамның көңілінен шығуы үшін мына нәрселер керек: ол сол іске лайық болуы қажет; шектен тыс, тым көп жұмыс істемеуі тиіс; жұмысы жемісті болып, жетістікке жетуі керек.

Ілмектер: жұмыс, адам, көңіл, жеміс, жетістік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Жұмысы жоқ адам азғындыққа бір табан жақын болады.

Ілмектер: жұмыс, азғындық, нақыл, афоризм Дейл Карнеги

Бүгін істейтін жұмысты ертеңге қалдырма.

Ілмектер: бүгін, ертең, жұмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги

Ауыр еңбек – сіз жасау керек болған, сіз жасамаған жеңіл жұмыстарды жинап алу.

Ілмектер: еңбек, жұмыс, жеңіл, ауыр Джон Максвелл

Күндіз-түні жұмыс істеген адамның ақша табуға уақыты жоқ.

Ілмектер: жұмыс, уақыт Джон Дэвисон Рокфеллер

Бедел жинаңыз, ертең ол Сізге жұмыс жасайтын болады.

Ілмектер: Бедел, ертең, жұмыс Джон Дэвисон Рокфеллер

Маған ойланатын адамдар емес, жұмыс істейтін адамдар керек.

Ілмектер: жұмыс, адам Джон Дэвисон Рокфеллер