Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (35) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (1)

Жас қартаяды, жоқ туады, туған өледі.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы

Адамның ақылының кіруіне жасы да үлкен роль атқарады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, ақыл, жас Нарша Булгакбаев

Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.

Ілмектер: жас, қарттық, өмір Жүсіп Баласағұни

Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ.

Ілмектер: үміт, жас, жалғыздық, жарлы, кедей, ауру, кәрілік, өмір Жиренше шешен

Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.

Ілмектер: жас, өмір, кәрілік Шал Құлекеұлы

Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз

Ілмектер: жас, лайық, кедей, әрекетсіздік Джек Ма

Алдың — орман, артың — тайғақ кең дүние-ай, мұндай сұлу болармысың! Қураған кәрі де, балдыр жас та саған құмар. Шіркін арман!

Ілмектер: дүние, арман, кәрі, жас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Уайым-қайғысыздық — жасартады, іспен айналысу — көркейтеді.

Ілмектер: Уайым, қайғы, жас, көркею, іс Роберт Вальзер

Жастың үлкендігі оның ақылдылығын көрсетпейді деп, тек кішкентайлар ғана ойлайды. Дұрыс, бұрыс кім білер?

Ілмектер: жас, үлкен, кіші

Ақылсыз боп жаралдым ба, туылдым ба, білмеймін. Ақыл жасқа қарамайды екен. Ақымақ басым, қызғанғанша солардан үйренсеңші, мейлі менен кіші болсын, иттің күшігі болсын. Кіші деп менсінбеген атым құрсын!

Ілмектер: ақыл, жаратылыс, жас, ақымақ, қызғаныш, кіші, ит, күшік Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев