Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (110) Өлеңдер (17) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (39)

Діни өсиеттерге сəйкес өмір сүру дегеніміз — тоқтаусыз құрбандықтар шалу тізбесі.

Ілмектер: дін, өсиет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрбандық Освальд Шпенглер

Білім дегеніміз — діннің ең соңғы нұсқаларының бірі ғана.

Ілмектер: білім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дін, нұсқа Освальд Шпенглер

Шын достар — бір-бірін артық сөзсіз-ақ түсінеді, шынайы дін — мүлдем сөз шығарып əуре болмайды: үндемейді.

Ілмектер: дос, дін, достық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Кез-келген дін жарыққа жақын тұрады.

Ілмектер: дін, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Алдында дін болмағанда жаратылыстану да болмаған болар еді.

Ілмектер: дін, жаратылыстану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Діндегі негізгі сезімдер — өшпенділік пен сүйіспеншілік емес, қорқыныш пен сүйіспеншілік

Ілмектер: қорқыныш, сүйіспеншілік, дін, нақыл, афоризм, сезім, өшпенділік, сүйіспеншілік Освальд Шпенглер

Біз тірі организмнің қиындықтан құтылу, жеңіске жету, жоққа шығару жəне, тіпті, тіршілікті жою кездеріндегі күйін – дін деп атаймыз.

Ілмектер: организм, қанатты сөздер, афоризм, жеңіс, нақыл, тіршілік, дін Освальд Шпенглер

Жоғары мəдениеттер діні – артық дамыған діндер емес, тек басқа діндер ғана. Қарапайым діндер бұлт пен жел тəрізді отан дегеннің не екенін білмейді.

Ілмектер: мәдениет, дін, бұлт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Əр кеудеде — бір дін отырады.

Ілмектер: кеуде, дін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Освальд Шпенглер

Діннен поэзияда жоқ ештеңе де таба алмаймыз.

Ілмектер: дін, поэзия Жорж Батай

Өтіріксіз — дін де, поэзия да жоқ.

Ілмектер: өтірік, дін, поэзия Жорж Батай

Діни қатігездіктің көп сатылы биік баспалдағы болады.

Ілмектер: дін, қатыгездік, биік Жорж Батай

Дініміз үшін де біз дүниеауи мақсаттарға құлшына еңбек ете аламыз жəне солай етуге тиістіміз де.

Ілмектер: дін, дүние, еңбек Пьер Тейяр де Шарден

Ұлы діндердің қай-қайсы да адамды материядан биікке көтеруді мұрат тұтады.

Ілмектер: дін, материя Пьер Тейяр де Шарден

Индия негізінен жоғары философия жəне діни қан қысымы аймағына жатады.

Ілмектер: Индия, философия, дін, қан қысымы Пьер Тейяр де Шарден

Дін мен ғылым — толық таным актісінің өзара тығыз байланысты екі жағы.

Ілмектер: Дін, ғылым Пьер Тейяр де Шарден

Расизм — дін де сенім де емес, бұл ақыл-ойдың мүгедектігі.

Ілмектер: Расизм, дін, сенім, ақыл, ой Дэвид Айк

Діни құқ қашан да жазаға негізделеді: ол — бүкіл болмысымен кертартпа.

Ілмектер: дін, жаза, болмыс, кертартпа Эмиль Дюркгейм