Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (90) Өлеңдер (16) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (112) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (5)

Өзі жат елде қайыршылық құрып жүріп, елін бай деп мақтайтындар — құдай қарғағандар.

Ілмектер: жат ел, қайыршылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, бай, мақтану Абай Құнанбайұлы

Қалтасы байлар қаптап жүр, кеудесі байлар боқтап жүр.

Ілмектер: бай, байлар, байлық, қалта, кеуде, боқтау, туралы Нарша Булгакбаев

Жалпы, атақты адамдар (жұлдыздар) мен шіріген байлар өздерінің беделінен, жеке қауіпсіздігінен, дүние мүлкінен айырылып қалуына қатты алаңдайды. Атақты және бай адамдардың көпшілігі іштей емес, сырттай бақытты.

Ілмектер: атақ, атақты, адам, жұлдыз, бай, бедел, қауіпсіздік, дүние, мүлік, бақыт, бақытты Narsha Bulgakbaev

Батыр боп жауға найзаң тимесе,
Батырлықтан не пайда.
Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
Байлығыңнан не пайда…

Ілмектер: батыр, бай, халық, пайда, найза, байлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әйтеке би