Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (1) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (670) Ұлағатты сөздер (1)

Түйелі бай — киелі бай,
Қойлы бай — қорлы бай.
Жылқылы бай — сылдыр бай,
Сиырлы бай — сылбыр бай,
Ешкілі бай — есепті бай.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, бай

Кірекештің түйесі
Жүгіменен жайылар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Төрт аяғын тең басқан —
Түйе деген жануар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Алтын артқан атанның да
Алдында есек, артында ит жүреді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жол үлкендікі,
Жүк түйенікі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Өлген түйенің басымен
Тірі келінді қорқытпа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, келін

Төрт түліктің төресін
Түйе дейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ауыл-аймағыңмен,
Бота-тайлағыңмен.

Ілмектер: ауыл, жан-жануар, төрт түлік мал

Інген ыңырсыса,
Бота боздайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Сырын білмес адамға
Сырыңды айтпа.
Сырын білмес атанға
Жүгіңді артпа.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, сыр, адам

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, мінез, жігіт

Жас бота
Түйеге қарай өседі.
Жас құлын
Биеге қарай өседі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйе мінген,
Тайлақ мінгенге күлмейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Көшпелі елге — түйе қол,
Жылқылы елге — бие қол.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Нар маяның жүні — жібек,
Сүті — бал,
Нар жігіттің аймағы ел,
Алды мал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт, ел

Ашамай нарға жарасар,
Ақ түйе барға жарасар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жоқтан бар болған,
Қоспақтан нар болған.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйенің соңынан ерсең,
Сораға барарсың.
Молданың соңынан ерсең,
Молаға барарсың.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйе деген жануар,
Түзде жүрсе семірер.
Тіздеп қойса аяғын
Тұзға қарай емінер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Тартыншақ болса түйең жаман,
Итіншек болса биең жаман.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал