Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (84) Мақал-мәтелдер (61) Ұлағатты сөздер (229)

Сөзі — олақ,
Ойы — шолақ.

Ілмектер: сөз, ой

Ой - ойдан шығады, ойламаса - қайдан шығады.

Ілмектер: ой

Кірмей тұрып, шығарыңды ойла.

Ілмектер: ой, ақыл

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Ілмектер: ой, бой, ақыл

Ақыл — дария,
Ой — теңіз.

Ілмектер: білім, ілім, ақыл, ой

Ой түбі алтын,
Ойлай берсең аларсың.

Ілмектер: ой, білім, ілім

Ойын түбі от,
Ой түбі алтын.

Ілмектер: ойын, ой, білім, ілім

Ақыл ойдан артық.

Ілмектер: ақыл, ой, білім, ілім

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ілмектер: ой, бой, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бойы биіктің ойы биік бола бермейді.

Ілмектер: бой, ой, биік, парсы мақалы

Қол - қысқа,
Ой - ұзын,
Арман - биік.

Ілмектер: қол, арман, ой, қысқа, ұзын

Көрмеген жердің ой-шұқыры көп.

Ілмектер: жер, ой, шұқыр

Шыдамды еңбек, алғыр ой -
Анық досың біліп қой.

Ілмектер: шыдам, еңбек, ой

Ақыл, ой, білім - әр адамның сәулеті.

Ілмектер: ақыл, ой, білім, адам, сәулет

Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.

Ілмектер: қорқақ, ой, соғыс

Бой жетпеген жерге - ой жетеді.
Қыран жетпеген жерге - қиял жетеді.

Ілмектер: ой, қиял

Оқу ойдан ұзақ емес.

Ілмектер: оқу, ой

Ой ақылдан жүйрік емес.

Ілмектер: ой, ақыл

Ынсап, ұят, терең ой -
Асыл зейнет біліп қой.

Ілмектер: ынсап, ұят, ой, зейнет Абай Құнанбайұлы

Арымақ, семірмек ойдан.

Ілмектер: ой