Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (14) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (360) Ұлағатты сөздер (109) Әзіл, анекдоттар (1)

Жақсы болса дуана,
Алдынан шық құп ала.
Жаман болса дуана,
Ит айтақтап қуала.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы болса балаңды
Жанарым де — көзімнің.
Жаман болса балаңды
«Жаманым» де өзімнің.

Ілмектер: жақсы, жаман, бала

Екі жақсы қосылса,
Ай мен күндей жарасар.
Екі жаман қосылса,
Ырылдасар, таласар.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы сыйлағанының құлы,
Жаман қорыққанының құлы.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жамансыз жақсы болмас,
Несиесіз, нақты болмас.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаманға — таяқ,
Жақсыға — ишарат.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыны көріп,
Пікір ет,
Жаманды көріп,
Шүкір ет.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсымен жанассаң
Атаққа ілінерсің.
Жаманмен жанассаң
Шатаққа ілігерсің.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез

Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, мінез-құлық

Жаманды көрмей,
Жақсыны танымайсың.

Ілмектер: жаман, жақсы

Жақсы әйел ер көңілін өсіреді,
Жаман әйел ер отын өшіреді.

Ілмектер: әйел, ер, жақсы, жаман, отбасы

Жаманға қол бергенше
Жақсыға жол бер.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсы кісі сырқаттанса,
Көңілін сұрар ағайын.
Жаман кісі сырқаттанса,
Жан баспайды маңайын.

Ілмектер: жақсы, жаман, кісі

Екі жақсы қосылса,
Қыл өтпейді арадан.
Екі жаман қосылса,
Қол кетпейді жағадан.

Ілмектер: жақсы, жаман

Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.

Ілмектер: жақсы, жаман, дос

Жақсының басына іс түссе,
Ашынар да, ашылар.
Жаманның басына іс түссе,
Төгілер де, шайылар.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаманға басшы болғанша,
Жақсыға қосшы бол.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жақсыны көрсең —
Көңілің ашылады,
Жаманды көрсең —
Көңілің басылады.

Ілмектер: жақсы, жаман

Жаманға етіңді бер,
Жамандығын қойсын деп.
Жақсыға ниетіңді бер,
Мерейі толсын деп.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсының қасиеті — жарастыру,
Жаманның қасиеті— таластыру.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық