Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (71) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (144) Әзіл, анекдоттар (1)

Ер ақылы – бір алтын, ел ақылы – жүз алтын.

Ілмектер: ер, ақыл, ел

Ерден аспақ болса да, елден аспақ жоқ.

Ілмектер: ер, ел

Ер бір өледі, ез мың өледі.

Ілмектер: ер, ел, өлім

Ерді ел туғызады.

Ілмектер: ер, ел

Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.

Ілмектер: іс, ер, ел

Ел мен жер егіз.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, отан

Көп ел - сарқылмас көл.

Ілмектер: ел, туған жер, халық

Көп ісінде береке.

Ілмектер: ел, халық, береке

Көп қайда болса - құдай сонда.

Ілмектер: ел, халық, құдай

Көптің күші көлдей,
Көшіп жүрген елдей.

Ілмектер: ел, халық, күш, туған жер

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

Ілмектер: ел, халық

Көп біріксе - ел болар,
Көп тілегі көл болар.

Ілмектер: туған жер, ел, халық

Көп жабылса жоқ табылады.

Ілмектер: ел, халық

Көп адаспас, көл таусылмас.

Ілмектер: ел, халық, көл

Көппен көргеннің арманы жоқ.

Ілмектер: ел, халық, арман

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, жалғыз

Көп дауыс қосылса,
Бір дауысты жоқ қылады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, дауыс

Көптен қоян қашып құтылмас.

Ілмектер: қоян, ел, халық, көпшілік

Көппен тентек болсаң да,
Көпке тентек болма.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік

Көптен шыққан көмусіз қалады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік