Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (24) Өлеңдер (8) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (388) Ұлағатты сөздер (25)

Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.

Ілмектер: ас, бас, тыныштық

Ас – аттынікі,
Той – тондынікі.

Ілмектер: ас, той, қырғыз мақалы

Бұйырмас астан Бөрібасар да дәметеді.

Ілмектер: ас, қырғыз мақалы

Ас қадірін аш білер.

Ілмектер: ас, қадір, қырғыз мақалы

Асыңды бермесең берме,
Бірақ тасыңмен перме

Ілмектер: ас, тас

Ет етке, сорпа бетке.

Ілмектер: ет, сорпа, денсаулық, сергектік, ас, дәм

Бұйырмаған асқа мұрын қанайды.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ, мұрын, қырғыз мақалы

Аз асқа табақшы болма.

Ілмектер: аз, ас, тамақ, тағам, қырғыз мақалы

Астық көп болғанмен, оны екі жыл жемейді.

Ілмектер: астық, жыл, көп, тағам, ас, қырғыз мақалы

Қазының пісуіне шыдағанда,
Қазанның түсуіне шыдамайсың ба?

Ілмектер: қазан, ас, тамақ, шыдамдылық, шыдам, қырғыз мақалы

Еті түгіл табағымды таба алмай жүрмін.

Ілмектер: ет, табақ, ас, тамақ

Арам тамақ ас болмайды.

Ілмектер: тамақ, ас, арам, қырғыз мақалы

Ас – иесімен қадірлі,
Бас – миымен қадірлі.

Ілмектер: ас, тамақ, ми, қырғыз мақалы

Қазан асулы,
Ас пісулі.

Ілмектер: қазан, ас, тамақ

Астың тұзын татқан біледі.

Ілмектер: ас, тұз, тағам, тамақ

Май сасыса тұз бар,
Тұз сасыса не бар?

Ілмектер: май, тұз, қырғыз мақалы, ас, тағам

Алдыңа ас тартса,
Атаңның құнын көш.

Ілмектер: ас, тағам, құн, қырғыз мақалы

Аз асқа жасауыл болма,
Көп асқа бөгеуіл болма.

Ілмектер: ас, тамақ

Асым қалса қалсын,
Ісім қалмасын.

Ілмектер: ас, тамақ, іс

Айран ішкен құтылар,
Аяқ жалаған тұтылар.

Ілмектер: ас, тағам, тамақ